5.Сұйықдәрілікзаттар.Анықталуы.Жіктеме.Сипаттамасы. Сұйық дәрілік түрлер – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік заттарды араластырып немесе ерітіп алынатын дәрілік түр.Сұйық дәрілік түр артықшылығына тоқталсақ:ағзаза тез сіңірілгендіктен тез әсер етеді.Технологиясы оңай және қолданылуы қарапайым.Ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады.Ал кемшілігі:сыртқы ортаға тұрақтылығы төмен.Сақтау мерзімі қысқа себебі бактерияларға қолайлы орта.Дозаланғанда дәл емес.Сұйық дәрілік заттарды дайындау үшін «Дәрілік заттарды дайындау ережелерін бекіту туралы» 2004жылы 15 желтоқсанда №142 бұйрықта және ҚР МФ талаптарына сәйкес дайындалады.Сұйық дәрілік түрлерді қолдану тәсілі бойынша,дисперсті фазаның ұнтақталуы,дисперстік орта бойынша және құрамы табиғаты бойынша жіктеледі.Қолданылуы бойынша:Ішке және сыртқа,иньекцияға арналған болып бөлінеді.Дисперсті фазаның ұнтақталуына және ортасына қарай:1.Нағыз ерітінділер-бұл молекулалы және ионды дисперсті жүйе болып бөлінеді.Ерітілетін заттың агрегаттық күйіне қарай қатты,сұйық,газ.2.ЖМҚ ерітінділері бұл да молекулалы дисперсті бір фазалы гомогенді жүйе,коллоидты ерітіндіге ұқсайтын қасиеті бар.3.Коллоидты ерітінді-Гетерогенді жүйе,мицеллалар.Бөлшектері тұнбаға түспейді,жұқа фильтрден өтеді.4.Суспензия-Қатты дисперсті фазамен дисперсті ортадан тұрады.Сұйықтығы лайлы,тұнбаға түседі.5.Эмульсия-Дисперсті фаза мен орта бір бірінде ерімейді және араласпайды.6.Күрделі жүйе-өсімдік шикізатынан сумен сығындылау арқылы алатын заттар ерітіндісі.Тұнба,қайнатпа,шырыштар жатады.Құрамы бойынша:Қарапайым және күрделі.Еріткіштің табиғаты бойынша: сулы-тазартылған су, бейсу-ұшқыш және ұшқыш емес болып бөлінеді.Сұйық дәрілік түрлерді дайындауға қолданылатын еріткіштер мынандай талаптарға сай болу керек:Еріткіштік қасиеті жоғары болу керек;Жағымсыз иіс пен дәм болмау керек;Химиялық және фармакологиялық индифифферентті болса;Микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы;Арзан және тиімді бағада болуы тиіс.Ағзаға жағымсыз әсері болмау керек.
6.Тазартылған су еріткіш ретінде. Сипаттамасы. Дәріхана жағдайында алу. Сапаны бақылау. Сақтау. Құрал-жабдықтар. Сүзу - ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту тәсілі ретінде. Құрал-жабдықтар.Еріткіштер: сулы – тазартылған су; бейсу-еріткіштер болып бөлінеді.Сұйық дәрілік түрге дисперсті орта ретінде өте жиі Мемлекеттік Фармакопеяда І басылым 2 томында келтірген «Су, тазартылған» қолданады.Рецептіде еріткіш көрсетілмесе тазартылған су қолданамыз және оның өзіндік талаптары да бар:ол мөлдір,түссіз болу керек.Суда көмір ангидрид,нитрат,хлорид, сульфат және ауыр металдар болмау керек;Құрғақ қалдық 0,001%-дан аспау керек;Аммиак қоспасы болса,мөлшер 0,0002%-дан аспау керек. Дәріхана да тазартылған суды алу басқа бөлмеде арнайы қондырғыларды қолдану арқылы 2015 жылғы 19 наурызда № 232 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"туралы бұйрығы бойынша құбырдағы суды айдау тәсілімен жүргізіледі.Суды жинап және сақтайтын адам болады. Тазартылған судың сапасы бастапқы құбырдағы ауыз суының құрамы және дистилляторлардың конструкциясы ерекшеліктері әсер етеді.Сақтау үшін асептикалық жағдайда 3 тәулік №232бұйрықтағы талаптар бойынша іске асырылады.Аз мөлшерде суды химиялық тұрақты шыныдан жасалған баллондарда сақтайды.Баллондарда суды шаңнан және микробтан сақтау үшін,екі тесігі бар резинка немесе полимерлі қақпақпен жабады. Тазартылған суды алуға дистиллятор деп аталатын айдау қондырғылары қолданылады.Ол үш элементтен құралады: буландыру камерасы, конденсатор және қабылдағыш. Механикалық қоспадан тазарту тұндыру немесе сүзу арқылы жүргізіледі. Құрамында органикалық қосылыстар бар ауыз суды, дистилляциялау кезінде оған калий перманганатының 1%-дық ерітіндісін қосу және 6-8 сағатқа тұндырып қалдыру арқылы өңделеді.Бөлінген активті оттегі органикалық заттарды тотықтырады және тұнбаға түсіреді.Сосын суды құйып алып, фильтрлейді.Суда дистиллятқа оңай өтетін аммиак болса, онда 5 г алюмокалий ашудасын 10 л суға қосады.Осы кезде қосымша реакция жүреді: артық ашудас судағы хлоридтермен әрекеттесіп, дистиллятқа оңай өтетін хлорлы сутек газын түзеді.Хлорлы сутек газын байланысыс үшін ашудаспен өңдеп болған соң,10 л суға 3,5 г екі орын басқан натрий фосфатын қосады, оған уақытша және тұрақты кермектілік беретін, кальций және магний тұздары болмағаны дұрыс,өйткені,суды дистилляциялау кезінде буландырғыштың қабырғасында қақ түзіледі. Соның нәтижесінде электр энергияның шығыны көп болады және судың қайнау температурасына жету уақытысы да ұзарады,осыған байланысты органикалық заттар ыдырап, ұшқыш өнімдер түзіледі.Қорытынды:Тазартылған судың дәрі жасау кезінде алар орны ерекше және қатаң талаптары бар.Сондай ақ сақтағандада ҚР заңдарына сәйкес санитариялық қағидаларға сай болу керек және 3тәуліктен аспау керек.Арнайы құрал жабдығы үш элементтен тұратын дистиллятор болып табылады.