1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтар



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтар
ы: 
1. Дайын дәрілік түрлердің сапасын арттырады, себебі, концентрлі ерітінділер сапалық және 
сандық талдаудан өтеді, қажет болғанда олардың 
концентрациясын нығайтады немесе сұйылтады. 
2. Фармацевтің жұмысын жеңілдетеді. 
3. Науқасқа дәрілік препаратты босатуды жылдамдатады, енбек өнімділігін 
арттырады. 
Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда және жаңа айдалған суда дайындалады. 
Барлық қосымша материалдар: өлшегіш цилиндрлер, фильтр қағаздары, мақта-дәке 
тампондары, тығындар, сақтауға арналған ыдыстар және т.б. алдын-ала 
зарарсыздандырылады. Концентрлі ерітінділерді дайындаған кезде, оның концентрациясы 
қаныққан концентрацияға жетпеуі керек, себебі, температура төмендеген кезде, еріген зат 
тұнбаға түсуі мүмкін. Концентрлі ерітінділер жақсы тығындалған құтыларда, жарықтан 
қорғалған жерде, 18-200С температурада сақталады. Құтылар ерітіндінің атауы, 
концентрациясы, серия нөмері көрсетілген этикеткамен жабдықталады. Сақтаған кезде түсінің 
өзгеруі, лайлануы, үлпектердің пайда болуы олардың жарамсыз екендігін көрсетеді. 
Сулы дисперстік ортасы бар сұйық дәрілік түрлерді дайындаған кезде
, ең алдымен 
есептелген, өлшенген (тазартылған, шаншуға арналған немесе хош иісті) суда, ерігіштігін және 
өзара әрекеттесуін ескере отырып, қатты дәрілік және қосымша заттар ерітіледі. Өлшеніп 
алынған суға алдымен есірткі заттарды, психотропты, улы заттарды және прекурсорларды, 
сонан соң басқа дәрілік заттарды, олардың ерігіштігін ескере отырып, ерітеді. Дайындалған 
ерітіндіні, дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне және белгіленуіне байланысты 
таңдап алынған фильтр арқылы сүзеді. Сұйық дәрілік құралдар, яғни, тұндырмалар, сұйық 
экстрактар, сулы және спиртті ерітінділер, хош иісті сулар, шырындар (дәмдік және дәрілік), 
жаңа галендік препараттар көлем бойынша өлшеніп, сулы ерітіндіге соңғы кезекте (бірден 
босататын құтыға) келесі тәртіп бойынша қосылады: 


- сулы иіссіз және ұшқыш емес сұйықтықтар; 
- спирттісұйықтықтар,спирттіңконцентрациясыныңөсуретібойынша; - иісті және ұшқыш 
сұйықтықтар 
Сұйық дәрілік түрлерді дайындау салмақтық және салмақтық-көлемдік тәсілдерімен 
жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет