№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Қосымша материал 
Аппликация – бейнелеудің өзіндік шынайлық негізі сақталынатын көркем 
жұмыстарды жасаудың ең қарапайым әрі қолжетімді түрі. Бұл аппликацияны тек 
безендіру мақсатында ғана емес (көрнекі құралдарды дайындау, ойыншықтарды
стенгазеттерді әшекейлеуге), сонымен бірге картиналарды, ою-өрнектерді жасауда кең 
қолдануға мүмкіндік береді. Аппликацияның негізгі белгісі силуэттілігі болып табылады, 
яғни бейненің жалпақ жалпыланған трактовкасы. 
Аппликация бөлек бейнелерден (жапырақ, бұтақ, гүл, саңырауқұлақ, құс, үй т.б.) 
құрылған жекелік те болуы мүмкін; құбылыстар мен әрекеттердің жиынтығын 
бейнелейтін сюжетті болуы мүмкін (Космосқа ұшу, Мейрамды күн); түрлі заттарды 
әшекейлеуге арналған ою-өрнектерді қамтитын декоративті болуы да мүмкін. 
Аппликация киімдерді, аяқ киімді, тұрмыстық заттарды әдемілеудің ежелгі 
тәсілдерінің бірі болып табылады. Оның туындауы ежелгі уақытқа жатады және 
жануарлардың терісінен жасалған киімдердегі тігістердің пайда болуымен тікелей 
байланысты. 
Түрлі халықтар аппликациялау үшін әртүрлі материалдарды пайдаланған: қағаз, 
мата, тері, өсімдіктер. Көптеген ғасырлар бойы бұл өнердің түрін тек Азия елдері ғана 
қолданбаған, сонымен қатар Европада: Италияда, Испанияда; Германияда, Францияда кең 
тараған. 
Аппликация балаларға қатты ұнайды, себебебі ол – мультфильмге немесе 
құрастырғашқа ұқсайды. Бірінші кезекте балалар жіңішке қағаздан қияды немесе
үлкендер қиып қойған пішінді алады. Егер балалар айшымен жұмысты өз өзіне сенімді 
ұстайтын болса, балаларды ары қарай аппликацияның басқада формаларымен 
таныстырамыз. 
Жыртылған аппликация. Бұл фактураның ерекшеліктерін көрсетуге жақсы 
(мамықты балапан, ирек бұлттар). Қағазды жыртып, бейне жасаймыз. 5-7 жас 
аралығындағы балаларға аппликацияны жасау техникасын қиындатып беруімізге болады: 
тек қана қағазды жұлып қоймай, контурды суретті шымшумен ұстау арқылы жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет