1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары


Бірыңғай салалы ет қызметінің ерекшелігі



бет38/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
3.4 Бірыңғай салалы ет қызметінің ерекшелігі

3.5 Биохимиялық өзгерістердің негізгі кезеңдер және еттің жиырылуының энергетикасы

3.6 Еттің жұмысқа қабілеттілігінің  төмендеуінің ықтимал себептері

3.7 Пайдалы әсер коэффициенті

3.8 Еттің қажуы

3.9 Жүйкелер олардың құрылысчы және жүйке талшықтарының құрамы

3.10 Тітіркендіру заңдары

3.11 Электротон құбылысы

3.12 Қозғыштық және оның динамикасы

       Лекцияның мақсаты: Студенттерге қаңқа еттерінің құрылымы, жиырылу, тетанус, еттердегі гезотомиялық, өзгерістердің негізгі кезеңдері жайлы толық мағлұмат беру.

3.1. Қаңқа еттері әрқайсысының құрамында 20-60 ет талшықтары бар жеке-жеке ет шоғырларынан құралады. Әрбір  ет  шоғыры  шоғырларынан құралады.Әрбір ет шоғыры сырт жағынан дәнекер ұлпалы қабықпен –перимизимуммен  ал әр талшық эндомизиуммен қапталады.Адам мен жануарлар бұлшық етінде талшықтар саны айтарлықтай көп шамада.(100-ден 11000-ға) ауытқып отырады.Әр бір ет талшықтары  жуандығы (диаметрі)10-100 мкм, ал ұзындығы 12-16см. Шамасында болады. Ет торшалары көп ядролы  симпластық құрылым және ет ұлпасында жеке торшалар анық шектелмеген.Әрбіәр  талшық сырт жағынан торша қабығымен –саркалеммамен қапталған. Оның ішінде саркоплазма,еттің жиырылғыш жіпшелері-миофибрикалар және торша қосындылары,-саркосомалар мен митохондриялар,орналасады.Митохондрияда  тотықпалы процесі жүреді де,ет талшықтарына қажет қуат бөлінеді.Миофибриаллалар  ет талшығының бір ұшынан  екінші ұшына дейін созыла  орналасады.Олардың жуандығы 0,5-2 мкм шамасында болады.(41-сурет.)

Өз кезегінде миофибриллалар жіңішке  және жуан белок жіпшелерінен,-профибриллалардан құралады. Әрбір  миофибриалланың  құрамында 2-25 мың  проторибриллалар болады. Жіңішке –актил жіпшелерінің жуандығы 5-8 нм, ұзындығы-1-1,2 мкм, ал жуан миозин жіпшелерінің диаметрі-10-15 нм, ұзындығы-1,5 мкм.

       Микроскоппен қарағанда  миофибриллалардың ұзына бойында алма кезек орналасқан күңгірт –анизотроптық,және  ақшыл,-изотроптың, жолақтар көрінеді, сондықтан қаңқа еті талшықтарын көлденең жолақ  ет талшықтары деп атайды.

3.2. Ет талшықтарының негізгі қасиеттерінің  бірі-жиырылғыштық.Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендіргіш әсерімен өзінің ұзындығы мен ширығу деңгейін өзгертетін қасиеттін айтады.Жиырылу жыцлдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу  әрекеті болып бөлінеді.Шапшаң әрекетті, немесе фазалық, талшықтарда  саркоплазмалық ретинулум жпақсы дамиды да, одан  СО иондары оңай, тез шығады.Мұндай талшықтар қанмен қатар жабдықталады, жиырылғаннан соң шапшаң босаңсиды және оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді.Олардың талшықтары ақ түсті, ірі әрі ұзынырақ, құрамында миоглобин ақ, гликогені көп болады.Баяу әрекеті, немесе тонустың,талшықтардың түсі қызыл,диаметрі жіңішке,тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі жоғары және олардың құрамында миоглобин көп, гликоген аз жинақталады. Тонус деп бұлшық ет талшықтарының қуаты аз шығындай отырып,тұрақты ширығу жағдайында, кернеулі күйде болуын айтамыз.Бұл еттің енжар пассивті тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді активті тонусын баяу нейрофункционалдық бірлестіктің үйлесімсіз әрекеті қамтамасыз етеді.

        3.3.Еттердің изотониялық және изометриялық қозу тәртібі.

    Бұлшық етте изотониялық, изоиетриялық және ауксотониялық жиырылу түрлері кездеседі. Изотонилық жиырылу  кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, оның тек ұзындығы қысқарады. Изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.

   Изометриялық жиырылу жағдайында бұлшық еттің ұзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады. Изометриялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.

Ауксотониялық жиырылу деп бұлшық еттіңң ширығу  деңгейі мен ұзындығын өзгерте жиырылыуын айтамыз.

            Қимыл әрекет үстінде еттер ауксотониялық жиырылу жағдайында болады, бірақ онда не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ келеді.

            Тітіркендіру жиілігіне байланысты ауксотониялық жиырылу дара және қарыса жиырылу түрлеріне бөлінеді.

            3.4 Бірыңғай салалы еттер ішкі ағзалар мен қан тамырлары қабырғасында, беріде кездеседі. Олар қаңқа еттерінен баяуырақ жиырылады және де жиырылу ұзақ уақыт сақтай алады. Бірыңғай салалы еттердің тонусы оларды нервсіздендіргеннен, тіпті оқшауланғаннан да кейіннен сақталады. Демек бірыңғай салалы еттерде қозу толқыны нерв импульсінің әсерімен байланысты емес, жүрек етіндегі сияқты многендік жолмен пейсменер деп аталатын торшаланда пайда болады. Бұл құбылысты бірыңғай салалы еттерде деп аталады. Ағылшын тілінен аударғанда пейсменер  деген сөз- ырғақ беруші деген мағынанаы береді.

Бұл торшаларға электрлік тербелістер тудырып оларды басқа торшаларға таратып отыратын қасиет тән.

           3.5. Бұлшық ет химиялық энергияны механикалық және жылу энергиясына айналдыратын құрылым. Әрекет үстінде ол энергияның көп мөлшерін жылу түрінде жоғалтады. Қуат көзі ретінде бұлшық ет АТФ-ті пайдаланады. Бұл қосылыс ыдыраған кезде, бөлінген қуат торша мембранасының ішкі жәнее сыртқы беткейінде Na мен К йондары концентрациясының градиентін қамтамасыз ететін Na-К-лік қызметі атқарылады. Ет жиырылған кезде АТФ-ыдырап, АДФ, бейорганикалық фосфор және энергия бөлінеді. АТФ меозиннің  АТФ-ағзалық белсенділігі арқасында ыдырайды. Демек, бұлшық ет әрекеті барысында АТФ қоры кеми түседі, сондықтан ет тек АТФ-тің қайта түзілуі (пресинтезі).толассыз жүріп отырғанда ған қызмет атқарады.Ал АТФ ресинтезі креатин фосфаттың креатинмен фосфор қышқылына ыдырауы нәтижесінде жүреді. Креатинфосфат +АДФ Креатикиназа АТФ+Креатин+Креатинфосфат- та химиялық реакциялардың нәтижесінде қайта түзіліп отырады. Креатин+Р+тотығу энергиясы+креатинфосфат  қорыда азаяды. Мұндай жағдайда АТФ гликолиз және ұлпаның тыныс реакциялары арқылы қайта түзіледі. АТФ-ты бұлшық етте қайта синтездеу үшін глюкоза мен гликогеннің қуаты пайдаланды. Бұл реакция барысында сүт қышқылы бөлінеді.Аэропты жағдайда сүт қышқылы кребс айналымында тотығып, көміртегінің қостотығып, су бөлінеді және АТФ түзіледі.

            3.6. Қажу деп әрекет атқарғаннан кейіннен жеке мүшелердің немесе бүкіл организмнің жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуі, немесе жойылуын айтады. Бұлшық ет ұзақ уақыт жұмыс атқарудың салдарынан қажиды. Қажыған кезде еттің функционалдың қасиеттері –қозғыштығы, лабильділігі жиырылғыштығы төмендейді, босаң су  сатысы ұзарады. Қаңқа еттері бірыңғай салалы еттерден шапшаңырақ қажиды, ал қаңқа еттері ақ еттер қызыл еттерден бұрынырақ қажиды. Қажу процесі кезінде бұлшық етте қуат көзі болып табылатын АТФ пен ликоген талшығы байқалады. Сонымен қатар бұлшық еттің жиырылу процесі қамтамасыз ететін белоктарда да құрылымдық өзгерістер туындайды: Актомиозин құрамындағы суль гидрильдік топтар азайып, АТФ-тың әрекеті бұзылады. Бұлшық еттің қажуына аталған жәйіттер мен қатар еттің жиырылғыш немесе нерв ет өзгерістерге себепші болады.

          3.8. Жүйке жүйесі ұлпасынан құралған.Ал,жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан және жүйкелік глиядан-нейроглиядан, тұрады.Нейроглия торшалары нейрондардан  аралығында орналасады да, оларды бірәіктіре,дәнекерлей отырып,қорғаушы және нәрлік (трофикалық) қызмет атқарады.Жүйке торшалары  жүйке жүйесінің құрылымдық  және әрекеттік негізі болып табылады.Нейронның  ядролы денесі және одан  жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділері болады.Қысқа өсінділер-дентриттер, ал ұзын өсінді-нейрит немесе аксон деп аталады.Дентриттер –сырттан келетін тітіркеністерді  қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейритттер-нейрон денесінде пайда болып тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшынан немесе атқарушы мүшеге жеткізеді.

          Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына, айналады.Бұл жүйке тамырдың  құрамында бірнеше мың, немесе талшықтар болады.Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының  будасы болып табылады.Жүйке тамырларының негізгі қызметі-нерв импулстерін өткізу.Тітіркеніс (импульс)деп тітіркендіру нәтижесінде,нерв жүйесіне туындаған процесті айтады.Тітіркендіргіш дегеніміз өз әсерімен тірі ұлпаларда қозу процесін  тудыратын ішкі немесе сыртқы орта факторлары, агенттері.Олар  бірнеше принцип негізін де жіктеледі. Табиғатына байланысты тітіркендіргіш химиялық (қышқылдар, сілтілер, тұздар т.б.).Физикалық(механикалық, электрлік, сәулелеік, дыбыстық т.б.).Биологиялық (микробтар, вирустар, гармондар т.б.).болып бөлінеді.Жалпы организмге ететін әсерінің мәніне қарай тітіркендіргіштер болып жіктеледі. Әсер күшіне қарай:1)табалдырықты;2)табалдырықтан жоғары;3)табалдырықтан төмен тітіркендіргіштер болып бөлінеді.

         3.10 Тітіркендіру деп әр түрлі тітіркендіргіштердің тірі ұлпакларға  әсер етуін  айтады.Тітіркендіру нәтижесінде ұлпаларда қозу процесі  туындайды. Үлпалар физиологияның тыныштық күйіннен қозу жағдайына көшу үшін, тітіркендіргіштің белгілі деңгейде күші, әсер мерзімі және әсер күшінің өсуі болу керек.Осы байланыс тітіркендірудің үш заңы түрінде бейнеленеді.

1.Күш заңы-тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса,соғұрлым ұлпаның реакциясы да күшті  болады.Қозу процесін  тудыру үшін, тітіркендіргіштің  ең аз күшін  күшін тітіркену  табалдырығы  немесе  бастау күш д.а.Бұл күш мөлшері  ұлпаның қозғыштығына  байланысты. Сондықтан бұл күшті  Қозу табалдырығы д.а. Қозу табалдырығын реобаза деген атаумен сипаттайды.

Мерзім заңы- тітіркендіргіштің әсер мернзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым ұлпаның жауап реакциясы күшті болады. Табалдырықты  тітіркендіргіш әсерімен қозу  процесінің п.б. үшін қажет уақыттың ең аз шамасын өсу мерзім, немесе тиімді мерзім д.а. Тітіркендіргіш күші өскен сайын әсер мерзімі  қысқара түседі. Сондықтан  физиологиялық тәжірибеде  храноксия деген шаманы анықтайды. Храноксия деп – екі  есе келген  реотаза әсерімен  қозу процесі п. б. Үшін қажет  уақытты айтады. Храноксия мөлшері ұлпа  құрылымына, мүшелер мен жалпы  организмнің  физ-қ күйіне байланысты өзгереді.Мыс:қозғалтқыш нерв  храноксиясы 0,09-0,2м.с, вегетативтік нервте ал 5 м.с, қаңқа еттерінде -0,2-0,4 м.с. Бүккіш еттер храноксиясы жазғыш еттермен  салыстырғанда 1,5-2 есе аз болады. Ең ұзақ храноксия қарын, ішек және жатырдың бірыңғай салалы еттеріне тән.

      Градиений заңы – қозу процесі туындау үшін тітіркендіргіш күшінің өсу шапшаңдығы маңызды роль атқарды. Тітіркендіргіштің күші неғұрлым күрт өссе , соғұрлым тірі ұлпа реакциясы күшті болады. Тітіркендіру градиенті азайса, қозғыштық табалдырығы жоғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу болса қозу процесі туындамайды. Күші баяу өскен тітіркендіргішке ұлпалардың бейімделуін аккомодация деп атаймыз.

         3.11.  Қозу процесі тамшымалы және арнаулы белгілермен сипатталады. Кез –келген тірі ұлпада қозған кезде байқалатын өзгерістерді тамшымала белгілер дейді. Мысалы, ұлпа қозса онда зат алмасу қарқыны жоғарылайды , оттегі көп сіңіріліп , көмірқышқыл газы көбірек бөлінеді жылу мол түзіледі, биоэлектрик құбылыс пайда болады. Биотоктир табиғатын түсіндіру мақсатында бірнеше теорияларды ұсынылған. Солардың алғашқыларының бірі 1896 жылы В. Ю. Чаговец ұсынған альтерациялық немесе диффузиялық теория . Бұл теорияға сәйкес ұлпаның зақымдалған немесе тітіркенген учаскесінде зат алмасу процесі күшейіп , көп мөлшерде H2 CO3бөлінеді. Аталған қышқыл H+ және HCO3- иондарына ажырағаннан диссоциацияланғаннан соң оң зарядты H+ иондары ұлпаның басқа учаскелеріне тез өтіп кетеді де, теріс зарядты HCOиондары зақымдалған, қозған учаскеде қалып қалады. Осының нәтижесінде ұлпаның сау және зақымданған немесе қозбаған және қозған , учаскелерінің арасында потенциалдар айырмасы пайда болады.

  1902 жылы Ю. Бернутейн биотоктың пайда болуының мембраналық теориясын ұсынды. Бұл теорияға сәйкес торда жартылай өтілді жарғақпен мембранамен қамтылады осының нәтижесінде торша мембранасы сырт жағынан оң ал іш жағынан теріс зарядталады.

  А. Ходжкин , А. Хаксли және Б. Катц 50-жылдардың соңында мембраналық теория негізінде мембрана-иондық , немесе натрий-калиймен сорып, теория ұсынған. Қазіргі кезде торша мембранасының бемонтар мен менидтерден тұратын күрделі құрылым екені дәлелденген . Оның қалыңдығы 6-10 нм шамасында. Белок молекуласының бір бөлігі фосфорипидтің қос қабатына ене орналасса, оның бір бөлігі фосфорипидтерге тек жанасып тұрады. Ерекше белоктар мембрананы қиын өтеді де, майда арналар , тар жасушалар түзеді. Бұл арналар арнаулы тасымалдаушы жүйеден және мембрананың электрік өрісін реттеп отыратын қақпалық механизм қақпашалардан құралады. Әрбір ионның өзіне тән өтер жолы арналары болады. Нерв және ет торуларында Na ,K ,Ca және Cl жолдары анықталған.

         3.12.  Қозғыштық және оның динамикасы. Қозу процесіне нерв және ет тамшылары бойымен таралу қасиеті тән. Қозу әрекет потенциалы түрінде таралады. өзінің күші жағынан әрекет потенциалы ұлпаның қатар жатқан учаскесін тітіркендіруге қажет табалдырықты күштеп 5-10 есе басым келеді. Әрекет потенциалы айналмалы , немесе шектелген , топтың пайда болуы нәтижесінде таралады. Қозғыш ұлпаның белгілі бір учаскесі қозып, әрекет потенциалы туындаған кезде осы қозған және қозбаған учаскелер арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Осы потенциалдар айырмасы мембрананың қозған және қозбаған учаскелерінің ішкі және сыртқы беттерімен айналып отыратын шектелген, айналмалы топтың пайда болуына соқтыраы. Айналмалы топтың әсерімен мембрананың қозбаған учаскесі тітіркеніп , осы жерде әренкет тобы пайда болады, ал алғашқы қозған учаскеде тыныштық потенциалы қалпына келеді. Осы процесс қайталана отырып , қозу импульстің мембрана бойымен өтпей, ілгерілей таралуын қамтамасыз етеді.

   Ет және ет талшықтарында қозу импульсі мембрана бойымен қозған бөліктен іргелес жатқан қозбаған бөлікке біркелкі, үздіксіз таралады. Бұл мембрана кедергісінің мардымсыз болуымен байланысты.

   Нерв талшықтарында айналмалы ток тек қана іргелес орналасқан қозған және қозбаған Раньве үзілімдері арасында пайда болады. Айналмалы токтың осы үзілімде шығуы мембрананы үйексіздендіріп , әрекет потенциалы тудырады. Осымен байланысты қозу толқыны миелиенді нерв талшықтарымен секірмелі , сальтиторлы түрде ырғып тарайды. Қозу импульсі мұндай сипатпен тарағанда қуат аз шығындалады және оның таралу жылдамдығы шапшаңдайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет