1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары



бет36/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Жергілікті жауап. Тітіркендіру күші қозу табалдырығынан төмен болса тін қозбайды, бірақ дəл эсер еткен жерде мембрана аздап депо-ляризацияланады, МП мөлшері төмендейді. Мембранада Na+ ионына
өткізгіштігі жоғарлайды, ол жасуша ішіне ка-рай өте бастайды. Бұл қүбылысты жергілікті не локалды жауап (потенциал) деп атайды. Жергілікті жауап əсердің күшіне байланысты. Əсерді жоғарылатпай тоқтатып тастаса онда жергілікті жауап біртіндеп сөнеді. Тітіркендіргішті біртіндеп күшейтсе, жергілікті деполяризация үдей түседі. Тітіркендіргіштің күші табалдырық деңгейіне дейін көтеріл-генде жергілікті жауап өзінің ауыспалы деңгейіне жеткен соң деполяризация тездейді де, əрекет потенциалы пайда

болады. Жергілікті жауап ƏП-дай мембрана бойымен таралмайды (өтпейді), пайда болған жерінде қалады. Тітіркендіру тез қайталанса, жергілікті жауап жи-нақталады (9-сурет). Жергілікті жауаптың (Ғо) ауыспалы деңгейі (Fj) мен МП мөлшерінің айырмасы (F0-Fj) тіннің қозғыштық қасиетін көрсетеді. Fo-F, неғүрлым азайса, соғүрлым тін қозғыш болғаны.

Əрекет потенциалы мен қозғыштық кезендерінің арақатынасы. Тін қозған сəтте оның қозғыштық қасиеті əрекет потенциалының кезең-деріне байланысты өзгереді. Бүлардың өзара тəуелсіздігін электро-неврограмма мен жүйке талшығының қозғыштьщ қасиетінің кезең-дері сызығынан байқауға болады (5-сурет, I). Жергілікті жауап "б", яғни мембрананың сəл деполяризациясы мезгілінде жүйкенің қозғыштығы аздап жоғарылайды. Əр əрекет потенциалының "шың" кезі мен абсолюттік рефрактерлік кезең "в" бір мезгілде өтеді. "Шың" потенциалы кезінде жүйке ең күшті тітіркендіргішке жауап бермейді. Реполяризацияның жылдам өтетін кезеңі "г" уақыт жағынан салыс-тырмалы рефрактерлік кезеңге сəйкес келеді. Осы кезде тітіркендіргіш-тер мөлшері қозу табалдырығынан жоғары болса ғана жүйке жауап береді. Теріс ілеспелі потен-циалы кезінде реполяризацияның баяу сатысы "д", яғни мембраналық потенциалдың аздап төмендеген мез-гілінде қозу қасиеті жоғарылайды. Бүл супернормалдық кезең, жүйке

қозу табалдырығынан томен күшке жауап бере алады. Əрекет потен-циалының гиперполяризация (оң із потенциалы) кезеңінде "е" қозу қасиеті тағы да төмендеп (субнормалдық кезең) барып алғашқы қал-пына келеді. Демек, əрекет потенциалы кезендері мен жүйкенің қоз-ғыштық сатылары бір себепті қүбылыстар. Екеуі де мембрананың иондарға өткізгіштігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет