Қозғыштықтың кезендері
Тіннің қозғыштығы оны тітіркендіргеннен бастап-ақ өзгереді. Ал-дымен қозғыштық
төмендейді, одан кейін біртіндеп əдеттегі қалпына келеді де, жоғарылап барып, қайта төмендеп, қозу үрдісі аяқталарда бұрыңғы тыныштық кезіндегі қалпына келеді.
Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті қүлдырап төмендеп, қаншама əсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды. Бүл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең (нагыз цасарысу) деп аталады.
Абсолюттік рефрактерлік кезеңнің үзақтығы жүйке талшығында -1-2 мс болса, ет талшықтарында 4-5 мс, ал ет-жүйке байланысында (түйіспеде) 8-10 мс. Қозғыш қүрылымның абсолюттік рефрактерлік кезеңі қысқа болады. Бүл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қайта пайда больш біртіндеп əдеттегі қалпына келеді. Былайша айтқанда тін қозғыштығы біраз уақыт əдеттегі (қозбай түрғандығы) қалпынан темен болады. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы реф-рактерлік (шамалы цасарысу) кезең деп аталады. Бүл кезенде тітіркен-дірудің ең аз мөлшері қозу табалдьфығына жауап бере алмайды. Жауап əсерленісі туу үшін тітіркендіргіштің күші табалдырық күшінен жоғары болуы тиіс. Бүл кезең аякталарда қозғыштық қасиет жоғары-лап, біраз уақыт əдеттегіден басымырақ болады. Қозу
қасиетінің осы күшею сəтін супернормалды кезең дейді. Мүнда тітіркендіру қозу та- балдырығынан томен болса да тін оған жауап бере алады. Бүл кезең
56
өткен соң қозғыштық қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі токталар-да əдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша қалыптан төмен-дейтін кезі субнормалды кезең деп аталады. Сонымен əрбір қозу үрдісі мезгілінде қозғыштық қасиеті бүлшықеттің аталған кезендері бірінен соң бірі қайталанып отырады. Қозғыштықтың аталған кезеңдерін қисық сызықпен көрсетуге болады (5-сурет). Қозғыштық кезендерінің үзақтығы əр тінде əртүрлі.
5-сурет. Əрекет потенциалы мен тін қозғыш-тығы кезендерінің ара қатынасы.
а - МП-тітіркендіруге дейінгі қозғыштық,
б - жергілікті жауап, аздаған деполяризация - қозғыштықтың жоғарылауы; в - əрекет потенциалы-
ның "шың" дəрежесі, деполяризация кезеңі -абсолюттік рефрактерлік кезең; г - тез деполяризация кезеңі - салыстырмалы рефрактерлік кезең; д - теріс із потенциалы - супернормалдық кезең; е - оң із потенциалы - субнормалдык кезең; г,д,е - реполяризия кезеңі.
100%
а б в г д
Қозғыштықтың өлшемдері
Қозғыштық дəрежесін анықтау үшін бірнеше өлшем (параметр) қолданылады: қозу табалдырығы, əсердің пайдалы уақыты, хронак-сия, лабилдік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем - қозу табалдырығы.
Қозу табалдырыгы (реобаза) деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады. Тін неғүрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғүрлым томен болады. Тітіркендіргіш ретінде электр тогы қолданылса, табалдырығын реобаза дейді. Əсердің пайдалы уақыты. Тітіркендіргіштің əсері, оның күшіне ғана байланысты емес, əсердің үзақтығына да байланысты болады.
Тітіркендіргіш күші мен əсердің үзақтығы арасындағы байланысты Дж. Гооверг (1892) пен М. Вейсс (1901) қисық сызық арқылы көрсетті (6-сурет). Ол "күш пен уақыт" сызығы деп аталады. Көлде-нең сызықпен (абцисса) уақытты мс есебімен, ал тік сызықпен (ординат) электр тітіркендіргіштің күші - реобаза көрсетіледі. Бір ре-обазаға тең күш ОА - жүмсап, тінді қоздыру үшін оның əсері ОС мс-ке созылуы қажет. Бүл күштің əсерін одан əрі қарай соза түссе, ол
жауапты күшейтпейді, яғни пайдасыз жұмсалады. Қисық сызық абцисса білігіне жарыса
(параллель) орналасады. Сон-дықтан да ОС мс əсердің пай-далы уақыты болып есептеледі. Ал тітіркендіргіш күші екі есе (2 реобазаға дейін) жоғарыла-тылса, пайдалы уақыты тым қысқарып кетеді (ОҒ мс). Тітіркендіргіш күші одан əрі жоғарылатылса, əсердің пайдалы уақытын көрсететін сызық ординат осімен жарыса (параллель) орналасады. Сонымен, əсердің пайдалы уақыты деп белгілі бір тінді қоздыратын бір реобазаға тең күш əсерінің ең қысқа уақытын (ОС) айтады.
Ол мин, мсек есебімен белгіленеді. Тін неғүрлым қозғыш болса, əсердің пайдалы уақыты соғүрлым қысқа болады. Əсердің пайдалы уақыты кейбір тіндерде өте үзақ болуы мүмкін. Сондықтан "күш пен уақыт" заңцылығын пайдалана отырып, француз ғалымы Л. Лапик (1908) хронаксия (грек. - chronos - уақыт, ахіа - сан) атты көрсеткішті үсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |