1642 ж. Паскаль алғашқы арифмометрді құрастырды. Ол әрқайсысына 0-ден 9-ға
дейінгі цифрлар жазылған дөңгелекшелер жүйесінен тұрады. Паскаль арифмометрінің бір
данасы Лувр мұражайында сақтаулы.
Барлық төрт арифметикалық амалды орындай алатындай механикалық есептеу
құралын 1671 ж. Лейбниц жасады. Бұл машинада көбейту мен қосу амалдарын орындауды
механикаландыру
Паскальдікіне
қарағанда,
онан
әрі
жетілдірілді.
Лейбниц
арифмометрінің бір данасы Ганновер кітапханасында сақтаулы.
Достарыңызбен бөлісу: