жүргізу туралы теоремалар бар. 3-кітаптың міндеті теңдеулерді шешудің жалпы
теориясын құру және ол үшін алгебралық құралдармен бірге геометриялық орындарды
пайдалану болып табылады.
Декарт «Геометриясының» көптеген кемшіліктері болды: автор өзінің
философиялық көзқарасына байланысты аналитикалық геометрияның зерттеу объектісін
тар көлемде қарастырды; оның алгебралық қисықтарға жасаған классификациясы сәтсіз
болды; ондағы координата осьтерінің қызметі бірдей емес, бір ғана ось сайланып
алынады да екінші ось қажеттілікке қарай тұрғызылады; т.б.
«Абцисса» атауы («кесінді») алғаш Риччи мен Лейбницте кездеседі (Ферма мен
Декарт оның орнына «диаметрдің кесіндісі» сөзін қолданды). «Ордината» атауы («оған
түсірілген») Мавроликоның еңбектерінде бар. Ферма
applicata
, Декарт
appliguée par ordre
,
сондай-ақ
ordonnée
сөздерін пайдаланды. «Координата» сөзін Лейбниц енгізді
(«үйлескен»). «Ось» терминін алғаш Барроу қолданды. Бастапқы нүктені О әрпімен
белгілеуді Ф.Лагир ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: