жанамалар жүргізу есептерін шешті. Декарт нормальдар әдісін ұсынды (1637). Бұл әдіс
бірқатар қисықтарға жанама жүргізуде қолданылды. Алайда, бұл әдістер жекеленген
қисықтардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қолданылғандықтан, кемшіліктері көп болды.
Ферма нормальдарды анықтауға да экстремумдарды табуға да қолдануға болатын
тағы бір әдісті ойлап тапты (1629). Қазіргі тілмен айтсақ, Ферманың бұл әдісі
дифференциалданатын
𝑓(𝑥)
функциясы
экстремумының
𝑓
′
(𝑥) = 0
теңдігімен
өрнектелетін қажетті шартына сәйкес келеді. Қазір ол
Ферма теоремасы
деп аталады.
Ферма өз әдісін қолданып, бірқатар есептерді шешті, жанамалар жүргізудің жалпы әдісін
тұжырымдады, оны қисықтың
𝑓(𝑥, 𝑦) = 0
теңдеуі жағдайында қалай қолдануды көрсетіп
берді.
Гудде алгебралық теңдеудің еселі түбірлерін табу әдісін жасады. Гудде бұл мәселеге
алгебралық пайымдаулар жүргізу арқылы қол жеткізді және
𝑓(𝑥)
функциясын
дифференциалдаған жоқ, өзінің әдісін біршама басқа және неғұрлым жалпы түрде
баяндады.
Қорыта айтқанда, XVII ғ.ортасына қарай инфинитезимальдық есептерді шешу
әртүрлі әдістері жинақталды. Алайда, әлі де болса, дифференциалдаудың математикадағы
ерекше амал ретінде мән-мағынасы айқындала қоймаған еді.
7.
Қазіргі күні дифференциалдау мен интегралдаудың өзара кері амалдар екендігін
түсіну аса қиындық тудырмайды, себебі бұл мәселе дифференциал мен интегралдың
анықтамаларынан-ақ бірден байқалады.
ХVII ғ. негізінен, мына екі есепке баса мән берілді: қисықтың жанамасы туралы
есеп және қисықпен шектелген аудан туралы есеп (қисықтың квадратурасы туралы есеп
деп те аталады). Осы екі есепті шешу барысында орындалатын «жанаманы табу амалы»
мен «квадратуралау амалының» табиғаттары өзара кері болып табылады. Мысалы,
параболаны квадратуралау
𝑥
𝑚
функциясына
𝑥
𝑚+1
𝑚+1
функциясын, ал жанаманы анықтау
𝑥
𝑚+1
𝑚+1
функциясына
𝑥
𝑚
функциясын сәйкестендіреді. Осы сияқты байланыстарды
тағайындауға түрткі болған мәселелердің бірі – жанамаларға берілген кері есептер.
Оларда қисықтарға жүргізілген барлық жанамалардың жалпы қасиеттері бойынша
қисықтардың өзін табу талап етіледі. Мысалы, Дебон есебі: «
𝑦
′
=
𝑥−𝑦
𝑎
теңдеуін
қанағаттандыратын қисықты табу керек».
«Жанаманы табу амалы» мен «Квадратуралау амалының» арасындағы байланыс
механикалық және геометриялық тұрғыда негізделді (Торричелли, Менголи, Валлис).
Барроу өзара кері болып табылатын, қазіргі математика тілімен былай баяндауға болатын
екі теореманы дәлелдеді (1670):
1)
𝑦 = ∫ 𝑧𝑑𝑥
𝑥
0
интегралдық теңдігінен
𝑑𝑦 = 𝑧𝑑𝑥
дифференциалдық теңдігі шығады;
2)
𝑑𝑦 = 𝑧𝑑𝑥
дифференциалдық теңдігінен
𝑦 = ∫ 𝑧𝑑𝑥
𝑥
0
интегралдық теңдігі шығады.
Бұл теоремалар интегралды табу мен дифференциалдаудың өзара кері сипаттағы
амалдар екендігін тағайындауға мүмкіндік туғызды. Алайда, бұл мәселе ХVII ғ.
математиктеріне сәл кейінірек, интегралдау мен дифференциалдау амалдары
аналитикалық тұрғыда анықталғаннан кейін ғана түсінікті болды.
Қорыта айтқанда, XVII ғ. 4-ширегіне қарай математикада дифференциалдық және
интегралдық есептеулердің ашылуына қолайлы жағдай туғызған алғышарттар толығымен
пісіп, жетілді.
Достарыңызбен бөлісу: