шығармаларында қарастырылды. А.Дюрер кітаптарында адам денесінің әртүрлі
бөліктерінің үш өзара перпендикуляр жазықтықтардағы проекцияларын қарастырады
(1525,1532).
XVII ғ. басында проективтік әдістер туралы бірнеше
шығармалар жарық көрді
(Г.дель Монте, С.Стевин, Ф. д՚Эгильон, т.б.), перспективалар теориясы мен проективтік
әдістер онан әрі дамытыла түсті (Кеплер, Паскаль, Лейбниц, Ньютон, т.б.). Осы саладағы
еңбектер қатарында Ж.Дезаргтың шығармаларының алатын орны ерекше. Ол өз еңбектері
арқылы математика ғылымның жаңа саласы - проективтік геометрияның негізін салды,
перспектива туралы ілімді шын мәніндегі геометрия ғылымының деңгейіне көтерді (1636).
Дезаргтың тағы бір еңбегінде (1639) өзі дәлелдеген екі маңызды теорема бар. Ол сонымен
қатар конустық қималардың полюстері мен поляралары туралы бірқатар теоремаларды
дәлелдеді.
Дезаргтың проективтік геометриясы
Паскальды да қызықтырды, ол конустық
қималардың проективтік теориясын өзінің тамаша теоремасымен байытты. Алайда,
проективтік геометрия көптеген уақыт бойына жаңа идеялармен толықтырылмады. Оның
дамуына XVIII ғасырдың соңында пайда болған сызба геометрия және оның жетістіктері өз
әсерін тигізді. Проективтік геометрия қарқынды дамуы XIX ғасырдан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: