1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Вирус ауруларынан қорғау шаралары



бет35/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
лекция

Вирус ауруларынан қорғау шаралары. Вирус ауруларына қарсы қорғау шаралары дақылдардың жəне ауру қоздырғыш вирустың ерекшеліктерін ескере отырып жасақталады. Кешенді қорғау шаралары профилактикалық жəне алдын алу шараларынан тұрады. Бұлардың ішінде белгілі бір вирустарға төзімді (иммунды) қасиеті бар сорттарды шығару жетекші рөл атқарады. Вирустың туыс түрлерінің немесе штамдарының интерференциясын (өзара сəйкессіздігін) пайдалану перспективалық 41 бағыт болып табылады. Вирустың əлсіз штаммдарымен қолдан залалданған өсімдіктер сол вирустың агрессивтік штаммдарына төзімді болып келеді. Аурулардан таза, сау тұқымдық немесе отырғызу материалдарын алу үшін тұқымдық учаскелерді вирусқа қарсы тазарту шараларын жүргізеді. Бұл үшін тұқымдық учаскедегі жай көзге байқалған жəне серологиялық тəсілмен анықталған вирус ауруының белгілері бар барлық өсімдіктер жұлынып алынады. Аурулардан таза, сау өсімдіктерді өсіру үшін агротехникалық шаралардың, өсімдіктердің өсу жағдайларының: себу мерзімінің, өсімдіктердің жиілігінің, тыңайтқыштардың, егістікте вирус инфекциясының жинақталып, сақталатын орны – арамшөптерді жоюдың, вирустарды тасымалдаушы – насекомдармен күресудің маңызы өте зор. Вирус ауруларына қарсы химиялық тəсіл сирек қолданылады, себебі вирустар əдетте тірі клеткалардың бойында болатындықтан вирустың тіршілігін тоқтатуға қабілетті заттар клеткалардың өздеріне де уытты болып келеді. Темекі мозаикасы мен қызанақ жапырағының күреңділігі ауруларының вирустарына қарсы кейбір антибиотиктердің (иманин, аренарин т.б.) тиімділігі анықталды. Вирустардың тіршілігіне металдар тұздары мен органикалық қышқылдардың əсері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет