Кеңістік изотроптығының
мағынасы да дәл осындай, тек енді орын ауыстыру
орнына кеңістіктің кез келген бұрышқа бұрылуы қарастырылады.Сақталу заңдарының
механика және ғылымның басқа да салаларындағы зерттеулер үшін ықпалы өте зор.
Олардың жалпылығы, іргелілігі соншалықты, кейбір жағдайларда сақталу заңдарын
тіпті қозғалыс теңдеулері алдын ала белгісіз есептерді шешуге де қолдануға болады.
Олардың көмегімен әрекет етуші күштер белгісіз болған жағдайларда да механикалық
жүйелер туралы бірқатар маңызды деректер алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: