4.3.Географиялық карталардың жіктелуі: Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны — жер беті мен ондағы
объектілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыпық карталар деп аталады. Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мыс,
жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ
құбылыстарды (белгілі бір жердің геоллгиялық құрылысын, климат жағдайын т. б.) көрсетеді.
Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физгеографиялық карталар;
ә)қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық,
мәдениет, саяся-әкімшілік, тарихи) карталар.
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік, нави-гация, жобалау т. б.)
айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы географиялық (туристік) және тақырыптық (оқулық),
климаттық, топырақ, экономикалық, т. б. карталар да болуы мүмкін. Бұл карталардың кейбірінің
өзіне тән өзгешелігі болғандықтан, олар тақырыптық карталардың ерекшө бір тобы - техникалық
карталар деп те аталады. Оларға теңіз навигациясына, ұшуға, жобалауға т. б. арналған карталар
жатады. Географиялық картаны көбіне территориялық белгілері (кеңістікті қамтуы) бойынша
ажыратылады. Мысалы, дүние жүзінің, мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың, олардың ірі
бөліктерінің, мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары.
Географиялық карталар тақырыбының кеңдігі жағынан да әр түрлі болады. Мысалы, кейбір
климаттық карталар бір ғана метеорологиялық элементті (температура, жауын-шашын т. б.), енді
біреулері бірнеше элементті (ауа қысымы мен желді) көрсетеді, немесе климатты тұтас
сипаттайды. Бір ғана тақырыпқа арналған карталарды ж е к е немесе салалық (температура
картасы) деп, ал құбылыстың толық сипатын беретіндерін ж а л п ы (жалпы климаттық карта)
карталар деп атайды. Көптеген карталарда бірнеше құбылыс және олардың арасындағы өзара
байланыс қатар көрсетіледі. Бұл — көп салалы карталар; оларды комплексті карталар дейді
(мысалы, барлық метеорологиялық негізгі элементтерді көрсететін синоптикалық карталар).
Географиялық карта мазмұнының қорытылу дәрежесі жағынан бірдей бола бермейді. Кейбір
карталарда жинақтап қорытылмаған немесе әлі аз жинақталған көрсеткіштер (нақтылы бір
уақыттағы метеорологиялық элементтердің мәні) берілсе, басқа бір карталарда әбден жинақталған
көрсеткіштер (көп жылдық деректердің негізінде алынатын айлық орташа, жылдық орташа
темпралар) қамтылады.
Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың, мәдениеттің кейбір эле-менттерін, олардың
қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ажыратып көрсететін карталар анализдік карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті қосып, пайдалану негізінде құбылыстарды тұтас алып сипаттайтын сиитездік карталарға
көрсеткіштер жинақталып алынады. Мысалы, жалпы климаттық карталарда климаттық аймақтар
бірнеше көрсеткіштің жиынтығы (температура, жауын-шашын т. б.) бойынша көрсетіледі, бірақ
олардың нақтылы көрсеткіштері берілмейді. Синтездік карталарда бірқатар жекө карталардың
деректері жинақталғандай болады. Тәжірибеде нақтылы және жалпылама керсеткіштер, анализдік
және синтездік сипаттамалар берілген карталар болады. Мысалы, жалпы экономикалық
карталардың көпшілігінде өнеркәсіп үшін картографиялаудың анализдік, ал ауыл шаруашылығы
үшін синтездік әдістері қолданылады.