негіздері. Масштабтар және және олардың дәлділігі Топографиялық карта - масштабы ірі жалпы географиялық карталар тобы. Топография
қорытындыларын немесе ірі масштабты карталар деректерін пайдалана отырып құрастырылады.
Топографиялық карталарда геодезиялық белгі, елді мекендер, құрылыс, жекеленген кәсіпорын,
жергілікті заттар, темір және автомобиль жолдары, құбыр және электр желілері, саяси-әкімшілік,
шекара, жергіліті жер релъефі, гидрографиялық тор және ыза су- лардың көзі, өсімдік ауыл
шаруашылығына пайдала-нылатын жер, мұздық, вулкан т. б. толық бейнеленеді. Масштабы 5000,
100000, 200000, 1 000000 болады. Негізінен халық шаруашылығына және әскери істе (жергілікті
жер туралы толық мәлімет алу, өте дәл өлшеу және есептер жұмыстарын жүргізу үшін) және
арнаулы карталар (геологиялық, топырақ, өсімдік жамылғылары туралы) даярлауға да
пайдаланылады. Топографиялық карта көп табақты болып жасалады. Мұнда Жердің шар тәрізді
болуына байланысты ұзындық, көлем және бұрыш өлшемдерінде онша көп ауытқу байқалмайды.
Топографиялық картаның барлық түрлерінде картографиялық проекция (Гаустікі), Красовскийдің
эллипсоид элементін есептеу әдісі, градус және километрлік торлары, Балтық теңізі деңгейіне
байланыстырылған биіктік жүйесі бірдей болады. Топографиялық карта мазмұны міндетті түрде
мемлекеттік триангуляция мен полигонометрия, репер және нивелирлеу маркісі және түсіру
торының бастапқы нүктесіне тәуелді болады.Қолданылыатын топографиялық картаның шартты
белгілері масштабты, масштабсыз, түснектемелік және әртүрлі жазулар түрінде болады. Рельеф
элементтері горизонтальдар, сурет түріндегі шартты белгілер ( жыра, сай) және биіктік нүктелері
түрінде бейнеленеді. Рельефтің кескіні карта масштабы және өңірдің географиялық жағдайымен
сипатталады.