Масштабынақарай карталардың жіктелуі масштабтарына сәйкес:
а) ірі масштабты (1: 100 000);
б) орташа (1: 200 000 : 1: 100 000);
в) кіші (1: 1000 000).
Жалпы географиялық карталарда қолданылғанда бұл топтар төменгідей бөлінеді:
а) топографиялық;
б) көріністі топографиялық;
в) көріністік.
Географиялық атластар Географиялық атлас- географиялық карталардың жүйелі жинағы ; ол бір тұтас шығарма
ретінде жалпы программа бойынша жасалады. Ежелгі грек ғалымы Клавдий Птолемейдің (2 ғ.)
географиялық карталар жинағы осы заманғы Географиялық атластың негізі саналады. «Атлас»
деген атауды (аңызға қарағанда, аспан глобусын алғаш жасаған Либияның мифтік королы –
Атластың есімімен аталған) географиялық карталар жинағына 1595 ж. тұңғыш рет енгізген
картограф Меркатор болды, Географиялық атластар 15 ғасырдың аяғында кең тарай бастады.
16 ғасырдың соңында алғашқы арнаулы атластар шығарылды. Олардың ішіндө Л. Вагенардың
(1584—85) теңіз навигациясы карталарының 2 томдық жинағы мәлім. 17 ғасырда атлас жасау
көбіне Гол-ландияда басым дамыды. 1701 ж. С. Ремезов тұңғыш орыс географиялық атласын –
«Сібірдің Чертеж кітабын» — жасады. 18 ғасырда Париж, Петербург, Берлин Ғылым
Академияларында атлас жасауға көп көңіл бөлінді. 19 ғасырда тақырыптық атластар пайда болды.
1937- 40 ж Дүние жүзі Үлкен совет атласының (физикалық, экономикалық және саяси
географияның комплексті атласы) жарық көруі—Географиялық атластың дамуындағы жаңа
кезең болып саналады. Қазіргі Географиялық атластың ерекшелігі: -ондағы карталардың ішкі
бірлігі, өзара үйлесуі және біріп-бірі толықтырып жатуы.
Географиялық атластың мынадай түрлері болады:
территорияны қамтуына қарай — дүние жүзінің, жеке елдер мен облыстардың т. б. атластары;
мазмұнына қарай — жалпы географиялық карталардың атласы;