1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет19/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
λ = 6°N—3°,
мұндағы — 6 градустық зонаның нөмірі.
Зонаның осьтік меридианы экватор жазықтығында өзара перпендикуляр сызықтармен
кескінделеді. Осьтік мерндианның кескіні осі, ал экватор — У осі болып кабылданады. Осьтік
меридианның экватормен қиылысқан жері әрбір зонадағы координаталардың басы болып
саналады. Абсциссалар экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай, ал ординаталар осьтік
меридианнан батысқа және шығысқа қарай саналады.
Қазақстан территориясы экватордың солтүстік жағында орналасқан, сондықтан
абсциссалардың мәні барлық уакытта оң болады. Бірақ ординаталардың теріс мәнінен туатын
қолайсыздықтан құтылу үшін осьтік меридианның ординатасын 0-ге емес, 500 км-ге тең деп
есептеу келісілген. Бұл шама осьтік меридианнан алты градустық зонаның шегіне дейінгі
(шамамен 330 км) ең үлкен ара қашықтықтан артық, сондықтан ол зонаның барлық нүктелерінің
ординаталары мәнінің оң болуын қамтамасыз етеді.
Әрбір зонада координаталардың сандық мәндері қайталанып отырады. Нүктелердің
координаталары бойынша оның 60 зонаның қайсысына жататынын анықтау үшін ординаталардың сандық мәнінің алдына осы нүкте орналасқан зонаның нөмірі қосымша жазылады. Мысалы, егер А және В (8, в-сурет)
нүктелері 7-зонада орналасқан болса, онда олардың координаталары мынадай мәнге ие болады: 


ха =6090 км, уА =7430 км, хВ =5020 км, уВ =7210 км.
Координаталық осьтер мен тікбұрышты координаталар басының әрбір зонада толық
анықталған географиялық орны болатындықтан тікбұрышты және геодезиялық координаталар
жүйелері өзара байланысты болады. Ендеше нүктенің тікбүрышты координаталарын геодезиялық
координаталарға есептеп шығаруға және қайтадан керісінше жасауға, сонымен қатар нүктенің
тікбұрышты координаталарын бір зонадан шектес зонаға есептеп шығаруға болады.
Геодезиялық жұмыстарды атқарған кезде, біршама нүктелердің орындарын бастапқы нүкте
ретінде қабылданған қандай да бір нүкте арқылы анықтау үшін жазық полярлык координаталар
жүйесі қолданылады., Осы координаталар жүйесінің мынадай элементтері болады (сурет):
  1. полярлық осі — Ох; Ох осін кез келген жаққа бағыттауға болады, мысалы, теодолит


жүрісінің қабырғасы; 2) О нүктесі—координаталар басы (полюс), еркін қабылданады; полюс


ретінде әдетте теодолит жүрісінің нүктесі қабыл данады.
Нүктелердің жазықтықтағы орны қарастырылып отырған жүйеде екі кооринатамен; яғни β –
полярлық осімен анықталатын нүктеге қарай бағытталған кесіндінің арасындағы горизомталь
бұрышпен; — полюстен анықталатын нүктеге дейінгі горизонталь ара қашықтықпен
анықталады. Мәселен, А нүкхесі А 1,d1), В нүктесі В (β2 d2). Полярлық бұрыштар полярлық
осінен сағаттілінің бағыты бойымен 0°-тан 360°-қа дейін өлшенеді. Осы координаталар жүйесі
теодолит түсіргісінде және жобадағы барлау скважинасының горизонталь жазықтықтағы орнын
табу кезінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет