5.5.Топографиялық карталардың жол-жол сызығы және номенклатурасы.
Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады,олар көптеген беттен тұрады.
Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық,ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды.
Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта
бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.
Номенклатураның жанында,одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты
жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі
карталарды жалғастырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының
сыртында қабырғасының ортасында орналасады.
Карталардың номенклатурасы негізін 1 : 1000000 масштабтағы карта құрады,оның
рамкасының өлшемі бойлықта 6,ал ендікте 4. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді
білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен жәнереттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.
Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1 : 100000 масштабтан бастап
рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.
М-41бет 1 : 100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді,олар 1,2,3,...,144цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.
1 : 100000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1 : 50000 масштабтағы картаның
4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші
бетіннің номенклатурасы М-41-60-Б болады.
Осы бетті 4-ке бөлуден 1 :25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г
әріптерімен белгіленеді.Осы масштабта5ы картаның ең соңғы бетінің номенклатурсы
М-41-60-Б-Г-4 болады.
1 : 5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып
1: 10000 масштабтағы картаның беті саналады,ал ол болса 1 :5000 масштабтағыкартаның ең
соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады.
1 : 2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1 :5000 масштабтағы картаның
беті 9 бөлікке бөлінеді;оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1 : 2000
масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады.
Топогрфиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы
мәліметтер және номенклатура үлгілері 3-ші кестеде беоілген.