1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Бағыт бұрыштары. Сызықтарды шын және магниттік меридиандар бойынша бағдарлау



бет21/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
5.4.Бағыт бұрыштары. Сызықтарды шын және магниттік меридиандар бойынша бағдарлау
Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеңде көбіне жүру маршрутын, яғни жер
бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау
дегеніміз, оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде
меридиан пайдаланылады.
Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар 
және дирекциондьщ бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат
тілінің бағыты бойымен 0°-тан 360°-қа дейін өлшенеді.

Шын азимут деп (11-сурет), сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық)
меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін
горизонталь бұрышты атайды.
Қандай да бір АВ сызығының А нүктесінде анықталатын азимут тура азимут деп, ал 


В нүктесінде анықталған азимут кері азимут деп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы
байланыс мына формула.мен өрнектеледі

Ак= А+180º +γ,

мұндағы γ — меридиандардың жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік
меридианға параллель сызық арасында берілген нүктедегі бұрыш.Бұл бұрыштың мәні берілген
нүктедегі әр зонаның осьтік меридианынан қашықтауына байланысты болады, әрі 0°-тан ±3°-қа
дейін ауытқуы мүмкін.
Меридиандардың жақындасуын мына формула бойынша анықтауға болады:
γ= lsinω
мұндағы l — нүктелер арқықылы өтетін меридиандар бойлығының айырмашылығы;
φ — сызықтың геодезиялық ендігі.

Сызықты азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу


қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиындатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары
геодезияда қолданылады.

Магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік
бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін
горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді.
Магниттік азимуттан шын азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуының шамасын және
атын (шығыс немесе батыс) білу қажет. Магниттік азимутты Ам (12-сурет) анықтап және
магниттік бүрылуды δ, яғни шын және магниттік меридиандар арасындағы бұрышты біле отырып
шын азимутты (А) мына формуланы пайдаланып табуға болады:


А=Амш А=А/м  б
мұндағы δш , δ б—магнит тілінің сәйкесінше шығыс және батыс бұрылулары.
Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да
мынаны шығарып аламыз:

А=Ам


яғни шын азимут магниттік азимут пен магнит тілінің бұрылуының қосындысына тең.
Жер бетінің әрбір нүктесінде магниттік бұрылудың шамасы әр түрлі және 500 жылға жуық
кезең ішінде магнит тілі өзінің орнынан шамамен 22,5°-қа екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықты
магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын
жасаған кезде ғана қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет