5.3.Географиялық координаталар Жер бетіндегі нүктелердің орындары координаталармен, яғни координаталар жүйесін
анықтайтын бастапқы жазықтықтар мен сызықтарға қатысты ізделіп отырған нүктелердің орнын
сипаттайтын шамалармен анықталады. Қөпшілікке танылған біртұтас жүйе координаталардың
географиялық жүйесі болып табылады. Координаталардың географиялық жүйесінің элементтеріне мыналар жатады (10-сурет): ЕЕ1—экватор жазықтығы; РР1—экваторға перпендикуляр жердің айналу осі; РГГ0Р1- бастапқы меридианның жазықтығы. Халықаралық келісім бойынша, бастап-қы меридиан ретінде
қазіргі кезде Лондон қаласы жанындағы Гринвич меридианы қабылданған. А нүктесінің
эллипсоид бетіндегі проекциялары-ның орны мынадай координаталармен; ω — геодезиялық
ендікпен және λ, яғни А1 (ω,λ) — геодезиялық бойлықпен анықталады. Геодезиялық ендік (ω)
экватор жазықтығы мен берілген нүктедегі тік түзу арасындағы бұрыш. Ендік экватордан берілген
нүктеге дейінгі АоАгеодезиялық меридианнын, доғасымен өлшенеді және жарты шарға
байланысты солтүстік ендік ( + ) немесе оңтүстік ендік (—) болуы мүмкін. Геодезиялық ендіктің
шамасы экватордан (0°-тан) басталып оңтүстік және солтүстік полюстерге қарай (90°-қа дейін)
өзгеріп отырады. Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридианның жазыктығы мен берілген нүкте
арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш болып есептеледі. Бойлық бастапқы
меридианнан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай саналады (0°-тан
180°-қа дейін)
Геодезиялық координаталар жүйесі қашықтықтармен байланысты көптеген геодезиялық
есептерді шешу үшін пайдаланылады. Дегенмен геодезиялық координаталар жүйесі нүктелердің
өзара орнын ұзындық өлшемде емес, бұрыштық өлшемде анықтайтын болғандықтан практикалық
мақсаттарда кең қолдануға қолайсыздау.