1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Сызықтарды осьтік меридиан бойынша бағдарлау



бет22/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Сызықтарды осьтік меридиан бойынша бағдарлау
Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесінде жасаумен байланысты,
геодезияда дирекциондық бұрыш жиі қолданылады. Егер М2 нүктесінде (13-сурет) сызықтын,
бағыты А2 азимутымен емес α горизонталь бұрышымен анықталса және ол азимут сияқты сағат
тілінің бағыты бойымен, бірақ нақты бір М2 нүкте меридианынан емес, дұрысында меридианға
параллель бағыттан кез келген нүктеде, мәселен М2 нүктесінде есептелсе, онда мұндай бұрыш

дирекциондық бұрыш деп аталады.
Осыдан келіп, дирекциондық бұрыш (а) дегеніміз осьтік меридианның солтүстік бағытынан
немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетін
горизонталь бұрыш екендігі шығады. Егер М1 нүктесіндегі С2О2 сызығын тең бұрышты көлденең
цилиндрлі проекциясында осьтік меридиан десек, ал С2О2 сызығын М2 нүктесіндегі шын
меридиан, Ох сызығын километрлік тордың вертикаль сы-зығының бірі деп қабылдасақ, онда
А2 шын азимутты, ал α дегеніміз М1 М2сызығының М2 нүктесіндегі дирекциондық бұрышты
көрсетеді, оның үстіне

А2-α =γ,


яғни нақты бір нүктедегі кез келген сызықтың шын азимуты мен дирекциондық бұрышының
арасындағы айырмашылық осы нүктедегі шын меридианның зонаның осьтік меридианымен
жақындасуына тен.
Мына формуладан шын азимут А2-ні табамыз:

А2=α+γ.
Осьтік меридианнан батысқа қарай орналасқан нүктелер үшін меридиандардың жақындасуы
теріс санмен көрсетіледі.
Әрбір сызықтың түрлі нүктелеріндегі дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда
тұрақты болып қалады. АВ бағытының α дирекциондық бұры-шы тура, ал ВА бағытының
дирекциондық бұрышы кері бұрыш деп аталады(14 сурет).
α=α +180º
яғни кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрыш пен 180°-тың қосындысына тең.
Практикада α>180° болған кезде, дирекциондық бұрышты мына формуламен анықтаған
қолайлы
α= α—180°.
Мысалы, α=310°40' болса, онда α1=310о40/+180о=490о40/, немесе α1=490°40'—360°=130°40',
себебі дирекциондық бұрыш-тың 360°-қа өзгеруі сызықтық бағытын өзгертпейді. Ал (12) 
формуланы пайдаланатын болсақ, онда да α1= 310°40'—180°= = 130°40' тең болатынын көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет