Жер бетіндегі сызықтық объектілер үшін сызықтық шартты белгілер қолданылады. Сондай-ақ
бір объектінің өзі белгілі масштабтағы картада бір бағытта масштаб бойынша, екінші бағытта
масштабтан тыс белгіленуі мүмкін. Мәселен, әдетте түрлі жолдардың, өзендердің ұзындығы
масштабқа сәйкес алынса, ені масштабтан тыс нақтылы мөлшерінен үлкейтіліп алынады.
6.2.Топографиялық карталарда жер бедерінің бейнеленуі Жер бетіндегі қыраттар мен жазықтардың жиындысын жер бедері дейді. Жер бедерінің адам
баласы өміріне әсері өте зор. Каналдардың және әуе жайлардың, гидротехникалық күрделі
құрылыстардың, электр және телеграф жолдарының, т.б. шаруашылық мүддеге сай жүргізілетін
құрылыстардың жобаларын жүргізуде жер бедерін ескермеуге болмайды. Әсіресе, ауыл
шаруашьлығында жерді дұрыс және нәтижелі пайдалануда жер бедері маңызды роль атқарады.
Жер бетінде топырақтың пайда болуы мен дамуы, осымен қоса климат пен өсімдік және т.б.
табиғи элементтер жер бедерімен тығыз байланысты. Сол себепті әр маманның жер бедері
пішіндерінің ерекшеліктерін айыра отырып, алға қойған мақсатқа сай шеберлікпен пайдалана
білуі кажетті іс.
Ал жер бедері топографиялық карталарда кескінделіп, арнаулы шартты белгілермен
белгіленеді және оның даму заңдылықтарымен геоморфология ғылымы шұғылданады,
сондықган жер бедерді картада, тура және дұрыс бейнелеу үшін осы айтылған пәнді жақсы білу
қажет.
Жер бедерінің ерекше нүктелері мен сызықтары, оның жеке пішіндерін анықтауға және
оларды план мен карталарда кескіндеуге жеңілдік туғызады. Жер бедерін картада бейнелеу көп
ғасырлар бойы қолданьшып келеді. Жер бедерді бейнелеуге арналған әдістер мынандай
талаптарға сай болуы керек: 1) нүктелердің биіктігін анықгау; 2) беткейдің құлама тіктігін
анықтау және сызықтың көлбеулілігін анықтау; 3) карта бойынша жердің қимасын жасау;
4) су жиналу ауданының шегін анықтау және т.с.с.
Жер бедерді бейнелеудің негізгі әдістері: горизонтальдар, бояулар. Осы әдістердің ішінде
жоғарыда қойылған мақсаттарға сай келетіні горизонтальдар әдісі. Картада горизонтальдарға
қоса жер бедерінің айрықша нүктелерінде биікгік белгілері жазыльш көрсетіледі.