1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Геодезия, топография ,картография ілімдері және олардың басқа географиялық ғылымдармен байланысы



бет4/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

1.3.Геодезия, топография ,картография ілімдері және олардың басқа географиялық ғылымдармен байланысы
Картография, геодезия, топография бір-бірімен тығыз байланысты
Картографиялық білім мамандарға: ойлау қабілетін кеңейтуіне; мәліметтер жинақтау мақсатымен картографиялық модельдермен жұмыс істеуге; арнайы мәліметтерді графика түрінде картаға түсіруге; география және басқа ілімдерді оқуды картографиялық әдіспен құрауға үйретеді.
Қазіргі картография зерттейтін басты проблемалар:
1.ғылымның теориялық негізін, картография ғылымы оның әдістемелері, карта туралы ғылым:оған картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен бейнелеу әдістерәнің теориялары жатады.
2.картография ғылымы, оның өндіріс тарихы
3.картография деректерін тану
4.карталарды жобалау және оны дайындау теориясы мен әдістемесі
5.карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі


Табиғат пен қоғамның өзара байланысы

Географиялық орта теориясы

Жаратылыстану Жалпы географиялық Қоғамдық--георафиялық пәндер пәндер географиялық пәндер
↓ ↓ ↓

Географиялық Картография Қоғамдық географи теориясықабық теориясы


↓ ↓↓

Қоғамның территорияық


Ландшафтану Жертану ұйымдасуы
↓ ↓ ↓
Геоморфология Өлкетану Тұрғындар географиясы

↓ ↓ ↓
Топырақтаныу География Материалдық өндіріс


Тарихы географиясы

Географияның өндіріс тыс салалары


Ресурстар географиясы



Тарихи география


1-ші сурет.Картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны (Н.К.Мукитанов,1985 бойынша)

Дәріс № 2 Картография ғылымының даму тарихы
Алғашқы қоғам адамдарынан бастап қазіргі картографиялық өндіріске дейін географиялық картаның даму жолы өте ұзақ болды. Карталарды жетілдіру процестері одан әрі де жалғасуда. Бұл процестің қозғаушы күші неде?
Географиялық картаның даму тарихын білу картографияның ерекше бөлігінің қалыптасуына, яғни, картография тарихының қалыптасуына алып келді.
Білімнің басқа да салалары сияқты картография тарихы да өзінің өткендегі ерекше деректерін пайдалануды қажет етеді. Картография тарихына тарих кезеңдерінде жасалған картографиялық еңбектер, т.б. жазба деректер мысал бола алады.
Картография тарихы мен география ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. География тарихы мен оның "екінші тілі" карторафия шырмалып жатады. Сондықтан оларды жеке қарау немесе екеуінің шекарасын анықтау өте қиын. Географияның басты мақсаты Жерді графикалық түрде көрсету.
Өмір сүріп отырған кеңістіктегі қарапайым картографиялық суреттер (бейнеленулер) алғашқы қауымда жазудан бұрын пайда болған. Мұндай тұжырымға негіз болып жазуды білмеген алғашқы қауымда өмір сүрген халықтардың картографиялық суреттері мысал бола алады (Солтүстік Америкадағы эскимостар, Мұхиттық аралдардағы микронезиялықтар, т.б.). Суреттер ағашқа, ағаш қабығына, т.б. қолда бар заттарға салынған. Олар адамдардың жалпы еңбегінде, көшетін жолдары, демалыс орындарын, балық аулау, т.б. іс жүзінде керек сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалған.
Адамдардың отырықшылыққа ауысуы, егіншіліктің, қолөнердің, теңізде жүзудін, дамуы, т.б. адамдардың материалдық жағдайының өзгеруі жергілікті жер бөлігінің графикалық бейнесін дәл беру сұранысы күшейді.
Картография және географияның ғылыми деректері Ежелгі Грекиядан басталады. Бұған Александр Македонскийдін, (Ескендірдің, б.з.б. IV) жарлығының ықпалы мол болды. Ескендірдің кезінде кең аумақты отарлау мен сауда кеңінен жүрді, ірі географиялық ашылымдар болды.
Ежелгі Грекиядағы географиялық ой-өрістің және астрономияның дамуы нәтижесінде Жер шар тәріздес деген ғылыми ұғымы қалыптаса бастады. Мұнда Аристотельдің еңбегі зор болды. Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет дәл өлшеп көрсеткен астроном және географ Эратосфен болды (б.з.б. III ғасыр). Эратосфен өзінің "География" кітабында сол кезде белгілі болған Жер бетінің бейнесін картаға түсірді. Эратосфен алғаш рет "географиялық бойлық", "географиялық ендік" ұғымдарын енгізіп, оны іс жүзінде пайдаланды.
Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы өзінің кемелденген шегіне грек астрономы, географы және картографы Клавдий Птоломейдің (б.з. І-ІІ ғ.) тұсында жетті. Ол өзінің “География” еңбегінде сол кезде белгілі болған карта проекцияларының барлығын, оның ішінде конустық және псевдоконустық проекцияларды тыңғылықты баяндап берді. 8000 жуық географиялық объектілердің координаталарын картада көрсетті.
Ежелгі Римде картографияның ерекшелік сипаты тек іс жүзінде пайдалануға болатын бұқара қауымның сұранысын қанағаттандырды. Ол кездегі Рим империясының экономикалық және саяси өмірі шалғайда жатқан провинциялар мен оларға көрші жатқан елдер арасындағы көлік байланысы болды. Сондықтан жол жүргенде пайдалануға болатын жол карталары жиі қолданылды.
Рим империясы құлағаннан кейін оны Европада феодаолизм алмастырды. Сонымен жаңа тарихи ортағасырлық дәуір басталды. Ол V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңдегі негізгі картографиялық өнімдер түріне монастырлық карталар жатты. Олар монастырларда жасалып, құдайға сыйынуға арналған иллюстрациялардан тұрды. Авторлар географиялық шындықты дұрыс көрсетуге талпынбады. Оның негізгі мақсаты дүние туралы түсінікті картада дін арқылы көрсету болды.
Ортағасырлық кезеңде Шығыс Арабия елдерінде картография және география біршама жетістіктерге жетті. Араб ғалымдары еуропалықтардың діни (монастырлық) карталарына қарағанда пішіні мен мазмұны жағынан әлде қайда бай, көрнекті және сол кезде белгілі жерлерді дәл және шынайы түрде бейнелей білді. ХІ ғасырда ортаазиялық ғалым Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни эклиптиканың экваторға еңкіштігін дәл анықтады, Жер радиусын да шамалап дәл көрсетті. "Карталар және Жер беті туралы мәліметтер" еңбегінде ол картографиялық проекциялар, градустық тор жайлы және Жер бетін глобусқа проекциялау әдістерін қарастырды. Осыдан бастап глобусты Жердің шар тәріздес моделі ретінде пайдалана бастады. Араб халифатында XII ғасырда Бағдат және Дамаск обсерваторияларының ғалымдары әл-Мұхаммед Хорезми және Халифа Мамун меридианның 1° ұзындығы 111,8 шқ-ға тең екенін есептеп шығарды.
Еуропада картаның даму кезеңі орта ғасырлардың аяғына келді. Оған негізгі себеп, осы кезде қоғамның картаға деген сұранысының өсуі болды. Карта, негізінен, Шығыс пен Батыс елдері арасындағы сауданың дамуына байланысты қолданыс таба бастады. Оған қызығушылық артты.Осының нәтижесінде XVI ғасырдың соңында арнайы теңіз карталары - портолондар (италия тілінде роztо -қойнау) пайда болды. Олар теңізде жүзгенде бағдарлану үшін пайдаланылды.
Картографияның жақсы дамуына XV ғасырда картаны ойып және басып шығару әсер етті. Осы кезеңнен бастап карталардың бағасы түсті. Картографияның одан әрі тез дамуына XV-XVI ғасырлардағы ұлы географиялық ашылулар ықпал етті.
XVI ғасырда картографияның дамуына фламанд Г.Меркатор (1512-1549 ж.) үлкен үлес қосты. Ол бірнеше картографиялық проекциялар жасады, оның ішінде теңізде жүзушілерге ыңғайлы тең бұрышты картографиялық проекциялар да болды. Сол кезде бар картографиялық материалдарды талдап және іріктеп Меркатор үлкен карталар жинағын жасады. Ол оны "Атлас" деп атады.
XVII ғасырдың басында осы кезде практикалық астрономия мен геодезияда ірі жетістіктер болды. Нәтижесінде картография одан әрі дами түсті. Осы кезеңде астроном Галилей астрономиялық көру трубасын (1609 ж.) ойлап тапты. Ал 1616 жылы голланд ғалымы Снеллиус триангуляция негізінде алғаш рет градустық өлшемдер жүргізді. Осы кезеңде мензула да ойлап табылған. Осылардың нәтижесінде дәл градустық өлшемдер жүргізіліп, геодезиялық негіздегі топографиялық карталар жасала бастады.
XVI ғасырдың 2-жартысында Батыс Еуропада капиталистік қарым-қатынастар, экономикалық байланыстар одан әрі дамыды, жаңа аумақтар отарланды. Осылардың барлығы карталардың жаңа түрлерін әр түрлі кезінде жаңа дәл түсіретін құралдар пайда бола бастаған. Картаны құру және оны пайдалану жаңа деңгейге көтерілді. Француз ғалымы Пимар триангуляция әдісін пайдаланған. Снелиустың приборына қарағанда бұрышты өлшейтін жетілдірілген прибор жасап, меридианның 1° доғасының дәл ұзындығын тапты.
1740 жылы астроном Ц.Кассинидің жетекшілігімен бүкіл Франция аумағының триангуляциялық тірек пункттері жүйесін жасай бастады. Осы құрылған жүйе арқылы Кассинидің жетекшілігімен 1:86400 масштабта мензулалық түсірім жүргізіліп, ол 1789 жылы бітті. Осы түсірімге негізделіп жасалған топографиялық карталар тек 1815 жылы аяқталды.
XVI ғасырдың басында Еуропаның көптеген елдерінде әскері -топографиялық бөлімшелер ұйымдаса бастады. Кейіннен бұл бөлімшелер мемлекеттік картографиялық қызмет мәртебесін алды.
Қорыта келгенде, XIX ғасырдың алды және XX ғасырда Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Ресейде жаңартылған, біршама дәл, ірі масштабты топографиялық карталар пайда бола бастады.
Басында топографиялық карталар тек әскери мақсатта жасалса, кейіннен өзінің дәлдігі мен бөлшектеліп толық көрсетілу сипаты нәтижесінде оларды азаматтық ғылымдар пайдалана бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа мен Азияның біршама елдерінде картографияның дамуы бір сапалық мәнге ие болды.
Табиғат ресурстары мен өндіргіш күштерді толық пайдалануға байланысты дүние жүзінің көптеген елдерінде тақырыптық және кешенді картографиялауға сұраныс көбейді. Дүниежүзілік мұхитты зерттеу және қоршаған ортаның ластануы, онымен күресу мәселелері қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. Оларды толық, дәл көрсету үшін нақты картографиялық түсірімдер мен материалдар қажеттігі туындады.
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында және елдердегі кар-тографиялық іс-әрекеттердің қарқынды дамуы, халықаралық байланыстың картография арқылы дамуы 1961 жылы халықаралық картография ассоциациясының құрылуына алып келді.
Картографияның келешегіне көз сала отырып, бІріншіден тақырыптық картографияның одан әрі тиімді дамуын қажет етеді. Бұл тұрғыдан Дүниежүзілік мұхит кеме жүзу немесе балық аулау үшін зерттеліп келсе, енді адамзат одан өте қүнды әр түрлі ресурстар көзін тауып отыр. Сондықтан, оны жан-жақты картографиялау өте қажет.
Мемлекет аумағындағы табиғи ресурстарды картада толық көрсетуді және халық шаруашылығының әр түрлі салаларын, сонымен бірге халыққа қызмет көрсету салапарын тиімді пайдалану үшін әр сала бойынша толық картаны жасау қажеттігі күшейе түсті. Урбандалудың өсуі және қалаларды қайта жөндеу қаланың ерекше картографиясының дамуына алып келді.
Картографиялық ғылымның келешекте дамуын қарастырғанда оны зерттеудің негізгі екі мақсатын ескеру керек:
1) жаңа картография өнімдерін жасау және оны келешекте жетілдіру;
2)оларды білім көзі тұрғысынан толық пайдаланудың және осыған байланысты картографиялық зерттеу әдістерін пайдалану.
Одан басқа, ғарыштық техниканың дамуы картографияның жаңа келешегі Күн жүйесінің басқа ғаламшарларды картографиялау мүмкіндігі ашылды. Қазірдің өзінде Айдың және Күн жүйесінің басқа ғаламшарлардың әр түрлі масштабтағы карталары (селенографиялық) жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет