1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет32/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Цилиндрлік проекциялар — меридиандары тең қашықтықпен өтетін параллель түзу сызықтармен,
параллельдері меридиандарға перпендикуль түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұлар
экватордың не белгілі бір пареллельдің бойындағы ауданды бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы
карталарын сызуға М е р к атордың тең бұрышты цилиндрлік прое к ц и я с ы қолданылады.
Гаусс — Крюгер проекциясы — тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік.
Картографиялық проекциялар — топографиялық карталар жасауға және триангуляция 
деректерін өндеуге пайдаланылады. Конустық проекциялар — параллельдері концентрлік
шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл
проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен
орналасқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де
қолданылады.

Азимуттық проекция лар — параллельдері коңцентрлік шеңберлер, меридиандары
параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция. Оларда меридиандардың
арасындағы бұрыш тиісті бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттық проекциялардың
жеке түріне перспективтік проекциялар жатады.

Ж а л ған конустық проекциялар — параллельдері концентрлік шеңберлермен, орта меридианы
түзу сызықпен, қалған меридиандары қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар.

Жалған цилиндрлік проекциялар — параллельдері параллель түзу сызықтар-мен, орта
меридианы осы сызыққа перпендикуль түзумен, қалған меридиандары қисық сызықтармен
кескінделетін проекциялар.
Ж а р тылай конустық проекциялар — параллельдері орта меридианды кескіндейтін түзу
сызық бойындағы шеңберлермен бейнеленетін проекциялар. Картографиялық проекцияларды
таңдау және қолдану — сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу
есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты про-екцияларда, ал жалпы
шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар
тең шамалы проек-цияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым
проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картографиялық проекциялар теңіз
қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, т.б. ғылым салаларда да пайдаланылады.




26.Сурет.Калыпты проекция жағдайындағы меридиандар мен параллельдер түрлері:А-цилиндрлік; Б-конустық; Вазимутальдық; Г-жартылай конустық; Д-жалған цилиндрлік; Е-жалған конустық(Т.С.Комиссарова бойынша)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет