1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Тіркестіру арқылы үстеу жасау



бет67/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75
 Тіркестіру арқылы үстеу жасау
Тіркестіру тәсілі үстеу жасауда өте өнімді қызмет атқарады, сондықтан тіркескен күрделі үстеулер бірсыпыра.  Күні ертең ел-жұртым екеуімізді екі айырып жібереді (С.Торайғыров). Мұны күні бұрын болжау қиын (М.Тиесов). Бұл - бір қожаның ерте кезде салдырған мешіті (С.Бегалин).
Тіркескен күрделі үстеулер құрамына қарай түрліше:
1) екі мүшелі тіркесті күрделі үстеулер: күні ертең, күні кеше, күні бүгін, әр жақта, әр кезде, әр уақытта, бір заманда, көш ілгері, күні бойы, жазға салым, алдын ала, бер жақ, ақырғы рет, бұрнағы күн, алдыңғы жылы, бесін мезгілінде, әуел бастан, ерте кезде, сәлден соң т.б.
2) үш мүшелі тіркесті үстеулер: күндерде бір күн, ертеден қара кешке.
3) идиомаланған үстеулер: кас пен көздің арасында, бетегеден биік, жусаннан аласа (бола калды), акай жоқ, токай жоқ, апысы кіріп, күпісі шығып, елден ала бөтен, аяқ астынан, түн баласында, қаннен каперсіз, томаға тұйық, құлан таза т.б.

Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.

  4. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.

  5. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы, 1967.

  6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989.

  7. Жұмағұлова Ө.Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы.-Көкшетау: Көкше-полиграфия .2002.115 бет.

  8. Таңсықбаева Б. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеудің сөзжасам жүйесі. КДА. -Алматы.2006.

17 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет