1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет64/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75
Мақсат мәнді жұрнақтар
-леп: әдейілеп. Мысалы, Мұрат сізді әдейілеп іздеп келдім (М.Дүйсенов).
-акана: қасакана. Мысалы, Әзіл үшін касақана айтылған сөз ғой (С.Мұқанов).
-а: жорта. Мысалы, Досым, бұл істі мен жорта істеп едім (С.Омаров).
 Біріктіру арқылы үстеудің жасалуы
Бұл тәсілмен жасалған үстеулер біраз топ құрайды. Олар темендегі үлгілер бойынша жасалады:
1) зат есім+зат есім: енжар, жайбарақат. Мысалы, Бізде шаруаға әлі де немқұрайлы, енжар карау бар (З.Шашкин). Поселке сырт карағанда, тып-тыныш, жайбарақат жатқан тәрізді (І.Есенберлин).
2) зат есім+сын есім: басыбүтін, әжептәуір. Мысалы, Осыны саған басыбүтін бердім (С.Мұканов).
3) зат есім+сан есім: ауызекі. Мысалы, Олар қолжазба күнінде қолдан-қолға көшіп, жатталып, біреуден-біреуге ауызекі ауысып жүрді (М.Каратаев).
4) зат есім+үстеу: таңертең. Мысалы, Таңертең Абайды ертіп кеткен Жиреншенің кайда екенін Ұлжан білмеп еді (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет