Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2
Күшейтумәнді жұрнақтар Күшейту мәнді жұрнақтар күшейту мәнді туынды үстеулер жасайды.
-ша, -ше: онша, сонша, осынша, мұнша. Мысалы, Сен неге осынша жыладың? (С.Мұқанов).
-ма: осыншама, соншама, мүншама, оншама. Мысалы, Соншама иіліп, не болды? (М.Дүйсенов).
-лық: соншалық, осыншалық, оншалық, мұншалық. Мысалы, Ағаш дегенің осыншалық таптырмайтын нәрсе деп Рақым бұған дейін ойлаған жоқ еді (Б.Тілегенов).
-ты жұрнағы -лық жұрнақты сөзге тіркесіп, мөлшер мәнін береді: оншалықты, мұншалықты, соншалықты, осыншалықты. Мысалы, Осыншалықты күлдірермісің! (С.Омаров).
-лап, -леп: ондап келіп жатыр.