1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет72/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Айқын уәждеме: теміржол,шашбау, аяқбау, аяқкиім, баскиім. Жасырын уәждеме: алаяқ, жексұрын, итжеккен, итаршы, алағаншық, алаңғасар. Осы уәждеменің түріне қарай уәжділік дәрежелері айқындалады, уәжділік дәрежелер уәждеменің түрін қалыптастырып, яғни сыңарлардың арақатынасы қаншалықты дәрежеде семантикалық өзгеріске түскен я түспегенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан күрделі атаулардың ұстаным белгісін – сыңарлардың уәжділік арақатынасынан іздеген дұрыс. Сөйтіп, жалпы атаудың мазмұн жиынтығының қалыптасуына, лексема ретінде тіл жүйесіне енуіне себеп болады.Күрделі атаулардың уәждеме заңдылығын кешенді түрде қарастырып, оның қызметіне жататындар:

  • Атау уәждемесі және шындық болмыстың заңдылығын ұғыну, түсіну(уәждеменің онтологиялық қасиеті).

  • Атау уәждемесі және сөздің ішкі құрылымы(семантикалық аспект).

  • Уәждеме және оның жүйелік мәнділігі, номинативтік бірліктердің уәжділігіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастардың ерекшеліктері(лексика жүйесіне қатыстылығы).

  • Уәждеме және қолданыс әрекеті(функционалды аспект).

Ал уәждеуші белгіні таңдау – ол атаудың уәжін анықтау мен оны табу,

демек, зат пен құбылыстың бейнеленетін белгісі және оның атаудың тіл құралдары арқылы іске асуы. Сөйтіп, уәжді атауды жасау сөзжасамдық құралдарды таңдаудың негізінде жүзеге асады. Күрделі атаулар – лексикалық қорда сақталған немесе сөздік құрамның белгілі деңгейлерін қамтитын, әр кез қолданысқа дайын лексикалық бірліктер қызметін атқаратын тіл байлығы.



Сондықтан лингвистикада танылған уәждемені күрделі атаудың жасалуын айқындауда шешуші негіз деп санаған дұрыс. Уәждеменің қазақ сөзжасамы үшін мәні ерекше, соның ішінде күрделі сөздерді тануда беретін бағыт-бағдары мол.Демек, уәждеме теориясына сүйене отырып, сол тілдің өзіндік заңдарынан туындайтын, табиғи ерекшеліктерінен шығатынын ескерген жағдайда ғана өз нәтижесін бермек. Сонымен, күрделі аталымның жасалуына негізгі тірек – сыңарлардың мағынасы, ол соған тәуелді және мағыналық дамудың нәтижесінде көпмағыналық немесе омонимдік қатарлардың қалыптасуына да негіз болады. Мысалы,1.Бізтұмсық – құс. Ұзын, жіңішке имек тұмсықты сазды жерде тіршілік ететін жыл құсы. 2. Бізтұмсық – қоңыз. Ауыл шаруашылығына өсімдіктеріне зиянды, тұмсығы ұзын түтік тәріздес қоңыз. Келтірілген тілдік деректердегі аталымға уәж болған негізгі ерекшелік қасиеті, олардың тұмсықтарының біз сияқты сүйір, ұзынша болуы және ол тамақ тауып, негізгі қоректену қызметін атқарады, сондықтан атауға себепші ономасиологиялық белгісі, уәжі, оның сыртқы пішіні және атаудың қалыптасуында сыңарлардағы жеке мағыналар бір бірімен ішкі мағыналық үйлесім тауып, ол тұрпаттың тұтасып қалыптасуына, сөйтіп, аталымның таңбалануына себеп болған. Ұлтабар(анат.) – нысанның қызметіне қатысты қалыптасқан, жаңа сападағы мағынасына байланысты туған. Текесақал - өсімдік. Атаудың қалыптасуына ұқсату уәж болған. Сүтжапырақ – кескен кезде жапырағынан сүт сияқты сұйықтық шығатын қасиетіне байланысты қойылған өсімдіктің атауы. Сасықкүзен – аң. Аталымның жасалуына сапалық қасиеті, иіс – уәжділік негіз, қарақұйрық – аң, уәжі – түс, қарыншаш – жас нәрестенің ана құрсағында жатқандағы шашы, ескі ырым бойынша жас баланың қарыншашын тастауға тыйым салған, себебі шаш шашылып қалса, аяққа басылады, баланың басы ауыратын болады деген ырымдар наным-сенімдерден туған, иткөйлек – жас нәрестенің дүниеге келгеннен кейінгі киетін көйлегі, ұлттық салт-дәстүр бойынша иттің мойнына байлап жіберетін ырым болған, сол ырым реалийдің атауына уәж болған, жарысқазан – аталу себебі аяғы ауыр әйелдің жеңіл, қиналмай нәрестесін дүниеге әкелуі үшін қазанға қуырдақ қуыру ырымынан шыққан, бойтұмар, көзмоншақ, қолүздік, тоқымқағар, жолаяқ, қымызмұрындық, саптыаяқ, адалбақан(киімілгіш), наурызкөже, соғымбасы, киіз үй, табалдырық - оны басып кетпей, аттап өту сияқты ырымдар әлі күнгі дейін өзінің мәнін жойды деп айта алмаймыз, жетімбосаға(есіктің дәл кіреберісіндегі сол жағы), табалдырықты басу мен босағаны керуді халық арасында жаман ырым деп санайды, кірген адам ол жерде тұрып қалмай, ілгері өтуі керек, халық арасында айтылатын ескертпе сөзі «босағада тұрма» деп жататыны содан болса керек, бұл келтірген тілдік деректер сол атаудың қалыптасуына наным-сенім, ырымдардың қатысы барлығы, әсерін тигізгені дау туғызбайды,басқұр, түскиіз, иткірмес ұлттық әдет-ғұрып қызметіне қатысты туған аталымдар, көшпенділер әрбір реалийдің қызметіне , қолданысына, үлкен мән-мағына берген, сол мән-мағыналық өзінің қасиетін еш уақытта жоймаған, жалғасын тауып отырған. Сондықтан, ұлттық наным-сенімдерден туған ырымдар мен кәделер этноұғымдық лексиканың қалыптасуына әсерін тигізіп отырған, соның бір көрінісі табу мен эвфемизм атаулары: бұның өзі – тамыры терең тарихи қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың барлық қабаттарын қамтитын, әр дәуірдің ерекшелігін көрсететін тілдік бірліктер. Қазір де заман ағымына қарай қалыптасып, тілдік айналымға түскен, осы үлгімен қалыптасқан атаулар: соқырсенім(догма), теміртор, жетімбұрыш, ойтума(творчество), өтқуық(желчный пузырь).

Әрбір нақтылы тілдің ерекшелігі - аталым қызметін атқаратын лексикалық бірліктерді жасау ортасы, түйіндей келгенде , сол тілдің грамматикалық құрылысынан шығады. Алайда, күрделі аталымның негізі тәсілдерінің бірі семантикалық өзгеріс тілдің даму заңдылығы болып саналады және кез келген тілде номинативтік бірліктердің қалыптасу жүйесінде негізгі орын алады.

Тілдегі «лексикалық аталымды» түсіну үшін тілдің лексика жүйесінде жаңа бірліктермен толығуының, жасалуының бірнеше жолын көрсетуге болады. Лингвистикада аталымның қалыптасуының екі жолы бар: бірі – табиғи аталым, ол – табиғи жолмен жасалған атаулар. Табиғи аталымға зат пен құбылысты тілде белгілеу тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарының негізінде үнемі жасалатын қалыпты үрдіс, сонымен қатар мақсатты түрде реалийлердің түрлі қасиеттерінің жиынтығынан бір ерекше белгісін сұрыптап алу арқылы жасалатын аталымдарды да жатқызу орынды: аққу, бозторғай,аққайың, аюбадам(шөп), аюбалдырған(шөптесін өсімдік), аюжүн(шөп),аюқарақат(аю сүйіп жейтін қарақаттың ащы түрі),аюқурай(қурай),аюқұлақ(дәрілік шөп), аютабан(улы шөп), екіншісі – жасанды аталым, саналы түрде және белгілі мақсатқа бағытталған лексикондар: агушник – АГУ-де оқитын студент, миллениум пати – мыңжылдық,Елорда – астана, конгресс-холл – сарай(дворец), мұзқала – сырғанақ(ледянной городок),қазақойл – қазақмұнай, бесік-арба – қол арба(коляска).

Қазіргі таңда қазақ тілінде жасанды атау жасау қарқынды белең алуда, оның ұғымды, тиімдісі де бар және ұлттық тілдің құрылымына үйлеспейтін, түсініксіз атаулар да жетерлік.

Адам баласы ат қоюда, атауларды қалыптастыруда көзге түсер ерекше қасиеттерінің сапасына қарай немесе өмірдегі маңызды ерекшеліктерін ескере отырып атау берген. Қандай да бір аталым үрдісінде түрлі уәж ескерілгенімен, тіл иесі сол тілдің заңдылығын басшылыққа алады. Сондықтан мәні, ұғымы бір зат болғанмен әр тілдің таңбалану заңдылығында ерекшелік туындайтыны, сірә осыдан ба деген ойға жетелейді. Сол себепті де сыртқы тұрпаты,дыбыстық жамылғышы әр түрлі болғанымен, берер мағынасы біртектес болады. Мәселен, түйеқұс, орыс. страус.

Кез келген жаңа сөзде алдыңғы сөзден түсінік, мағлұмат болады, яғни жалпы сөздің мағынасында сөздің бұрынғы бір белгісі сақталып, сөздің ішкі құрылымы жаңа аталымның жасалуына негіз болады және ол түсінік санаға жаңа мағынаны жеткізудің құралы ретінде жұмсалады. Мысалы, Астанадағы Республика даңғылы бойында бір тұсаукесер болып өтті. Төлқұжат алу үшін бұрын анықтамалар жинап, оны үй басқармасына тапсырушы едік. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Ал самға, әлем кезіп Әнұраным, Қалықта Елтаңбасы Шаңырағым.

Екі сөздің бір сөзге айналуы – ұзақ сонарлы әрекет. Тілде олардың жасалу тарихы әріден басталып, әбден жымдасып, қалыптасып кетсе, әдеби тілдің қазіргі дамуында жаңажасалымдар пайда болды, солардың үлгісімен жаңа сөз жасау әрекетіміз жемісті болып,қалыптасып келеді. Соңғы жылдары лингвистикалық еңбектерде тіл мамандары туынды сөздердің сөзжасамдық қуатын қалыптастыратын түп негізі есептеліп ол жаңа аталымға тірек, оған кіретін ішкі құрылымды – тірек негізінің байланысы бар деп санайды. Мәселен, Е.А.Земская сөзжасамдық қуат жайында «..что словообразовательный потенциал (зат атауы) – зависит от семантики базовой основы»,- деп айта келе/4/, күрделі сөзде олардың ерекшелігі тіркесімділік (валентность) қасиетімен анықталады дегенді де ескертеді. Күрделі атаулардың сөзжасамдық қуатын бір деңгейде деп айту қиын, себебі ол сыңарлардың мағыналық қуатына, ішкі құрылымына , мүмкіншілігіне байланысты. Мысалы, қара сыңарымен тіркесімділік жасаған екі жүзге жуық заттың күрделі атаулары бар: қарабайыр(жылқы), қарабайыр(өсімдік), қарабалық, қарабарақ(өсім.), қарабарқын(өсім.), қарабарқын (бүркіт),қарабауыр(құс),қарабез(түйе ауруы), қарабидай,қарақұйрық(аң) т.б. жасалғанын көреміз. Ал, керісінше жұрт сыңарын алатын болсақ, үш-төрт сөзден артық кездестіру қиын: атажұрт, қайын жұрт, нағашы жұрт, төркін жұрт. Сол секілді заң сыңарымен жасалған атазаң секілді бірен-саран күрделі зат есімдер де кездеседі.

Лингвистикада күрделі құрылымды лексикалық жасалымдарды күрделі атау ретінде мәртебесін анықтауда және дербес лексема деп тануда, дара лексемамен теңестіруде, сөзжасамдық құрылымдық-мағыналық тұтастық деңгейі негізге алынады.

Лингвистикада соңғы кезеңде атаулардың мәртебесін анықтауда ішкі мағыналық құрылымына және уәжділік ерекшеліктеріне зер салына бастағаны көрінеді.Күрделі атау сөзжасам жүйесінде қай тәсілмен қалыптасса да, ол ең алдымен, тілдің барлық лексикалық бірліктері сияқты құрылымдық және мағыналық айқын тұтастықты білдіретін ұғым ретінде танылады. Бұл тұжырымдардан күрделі атаулардың құрамындағы құрастырушы жеке сыңарлар жаңа күрделі аталымды жасаушы болып табылатынын, күрделі атауды жасауда бірдей қызмет атқаратынын және олардың лексикалық мағыналарын қалыптастыратынын аңғаруға болады.

Күрделі сөзге, соның ішінде күрделі атаулардың қалыптасуында, аталым үрдісінде уәжділік ұстанымы негізге алынуы керек. Себебі тілде туынды сөздің жасалуында сол атауды қалыптастырушы уәж бен мағына негізділігі арқау болады. Жалпы күрделі сөздің қалыптасуына олардың сыңарларындағы мағыналар басты себепші болатындығы тіл ғылымында дәлелденген мәселе, бірақ күрделі сөздің , күрделі атаулардың құрамындағы сыңарлар қаншалықты дәрежеде уәжділік қызмет атқарады, сыңарлардағы мағыналардың барлығы бір деңгейде қолданыла ма, жоқ әлде әр түрлі деңгейде ме деген сияқты мәселелер назардан тыс қалып келеді. Сондықтан қазіргі кезеңде тіл білімінде тіл мамандарының назары зат атауларының уәжділік дәрежесіне аударылды. Бұл тұжырымдар заттың күрделі атауларын саралау үшін маңызды, белгілі бір мөлшерде нәтижесін тигізуі анық. Мысалы, мысықторғай, балықкөз, дәйексөз, қолхат, атқамінер, кемпірауыз, атұстар, ізбасар, көкөніс, қуғын-сүргін(репрессия),ғарыш айлағы, Ақ орда, ұжымшар. Осы келтірілген күрделі атаулар оның құрамындағы сыңарлардың мағынасынан туындайтыны даусыз, бірақ олар сыңарлардың уәжділік арақатынасы мен байланысы түрлі дәрежеде өзгеріске түсуі негізінде жасалған. Екі сыңары да толық мағыналы сөздер, күрделі атаудың қалыптасуына қатысқан. Мысалы, Қазақ Темірқазықтың екі жағындағы Ақбозат, Көкбозат деп атайтын жұлдыздардың қай жерде тұрғанынан жер тұспалын айырады.Жұмыр жер жанкүйерінің көзі үйренбеген көкбайрақ желбіреді.

Бұл сөйлемдерде берілген Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат деген жасалымдардағы лексикалық мағынасы оның құрамындағы жеке сыңарлардың мағынасына сай келмейді. Себебі оны білдіріп тұрған жеке-жеке сыңарлардың мағынасы емес, басқа үшінші заттық ұғымның атауы. Яғни үшінші заттың күрделі атауларының құрамында темір және қазық, ақ, боз бен ат, көк, боз бен ат тәрізді сыңарлар бар. Негізгі аталымның жасалуына, қалыптасуына ұқсату заңдылығы уәж болған. Күрделі атаулардың лексикалық салмағы оларды құрастырушы сыңарлардың мағыналық тұтастығымен өлшенеді. Жаңа лексикалық мағынада сыңарлардың уәжділік арасалмағы қандай деңгейде көрінуіне, ол сыңарлардың ішкі құрылымына, қаншалық дәрежеде мағынаның сақталу-сақталмауына байланысты екенін айқындауға байланысты ашылады..Күрделі атаулардың екі сыңарының мағынасы да жойылып, жаңа мағыналы лексема қалыптасқанда, олардың мағыналық даму үрдісінің болғанын көрсетеді. Осымен байланысты, күрделі атаулардың ішкі құрылымын сөзжасамдық мағына деңгейде айқындауға болады. Себебі, онда(сөзжасамдық мағына) уәжділік мағына мен қосымша мәліметтердің барлығын ескере отырып және лексика-сөзжасамдық мағына деңгейінде шешу дұрыс деп саналады. Күрделі аталымның мағыналық құрылымынан шығатын: айқын, жасырын және осыған қатысты қазақ тіліндегі уәждеменің үш түрін көрсетіп: уәжділік дәрежелердің үш түрі: тура уәжділік, жартылай уәжділік, жасырын уәжділіктердің қалыптасуын анықтауға болады. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі атаулар осы тұрғыдан шешімін тапқанда ғана, олар аталым тұрғысынан лексема болып, өзінің мәні мен мазмұны, табиғаты мен ерекшелігі және мәртебесі анықталып, шешілері айқын.

Әдебиеттер:



  1. Қасым Б. Сөзжасам: Семантика.Уәждеме.-Алматы.2003.167 б.

  2. Гумбольдт В.Избранные труды по языкознанию. –М.: Прогресс,1984.-397с.

  3. Ф.де.Соссюр. Труды по языкознанию.-М.:Прогресс.1977,-695.

  4. Земская Е.А.Словообразование Как деятельность.-М.:наука.1992.-220 с.

19 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет