1-дәріс Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, дамуы



бет7/12
Дата20.09.2023
өлшемі85,79 Kb.
#109072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6,7- дәріс.
Тіл құралдарының стилистикасы
1. Тіл құралдары стилистикасының жалпы сипаты, түрлері, қарастыратын мәселелері
2. Лексиканың стиль түрлеріне қарай топтастырылуы: сөйлеу тілінің лексикасы, кітаби лексика, бейтарап (стильаралық ) лексика.
3. Сөз мағыналарының стильдік қызметі
4. Синонимдер – практикалық стилистиканың басты мәселесі. Антонимдер. Омонимдер.
5. Сөздің экспрессивті бояуы, оның түрлері

Функционалды стильдерді жіктеу сөйлеудің ауызша жəне жазбаша формаларымен тығыз байланысты. Функционалды стильдер мен сөйлеу формалары — бір-бірімен тығыз байланысты, ұштасып жатқан, алайда əр түрлі ұғымдар. Расында да, функционалды стильдер мен сөйлеу формалары арасында жақын ұқсастықтар бар: бірінші, екеуі де қатынас саласына тəуелді болғандықтан, стилистикалық категориялар болып табылады; екінші, стильдер мен сөйлеу формалары араласып жатады: стильдің басым бөлігі жазбаша формада берілсе, ауызекі сөйлеу стилі — ауызша формада беріледі. Алайда функционалды стильдер мен сөйлеу формалары басқа да əр түрлі негіздерге сүйеніп айқындалады: ең алдымен, ол қоғамдық қызметтің түрі мен таным формасы, содан кейін, сөйлеу актісінің жағдайы.


Сөйлеудің ауызша формасы жазбаша формасынан екі негізгі өлшеммен ажыратылады. Бірінші ерекшелік — қатынастың материалдық құралдарында. Ауызша сөйлеу — үнді, айтылатын сөйлеу, ол дыбыстар арқылы жүзеге асырылады; жазбаша сөйлеу — жазылатын, ғаріппен бекітілген форма, ол əріптер арқылы беріледі. Ауызша сөйлеуде интонация ерекше мəнге ие болады, сөйлем мағынасының құбылысы, оның тоналдылығы мен эмоционалдық бояуы интонацияға бағынышты болады. Бір фразаның интонация арқылы қарама-қарсы екі мағына беруі мүмкін. Бұл туралы Бернард Шоу өзінің таңдамалы пьесаларына жазған алғы сөзінде тамаша айтқан: «Есть пятьдесят способов сказать слово «да» и пятьдесят способов сказать слово «нет», а для того, чтобы написать эти слова, есть только один способ».
Жазбаша сөйлеуде интонация тікелей көрінбейді. Ол сөйлемнің құрылымы, сөздердің орын тəртібі, тыныс белгілері, лексика арқылы беріледі, дегенмен, оны дəл түсіну əрдайым мүмкін бола бермейді де, ол жанды жəне мəнерлі сипатынан айрылады. Ауызша сөйлеуде интонация ой мен сезімнің нəзік реңктерін жеткізе алады: «Вся сложность, тонкость, все разнообразие чувств, внутрен- них переживаний, намерений и настроений имеет свое внешнее выражение в интонациях человече- ского голоса» [1].
Тіл білімінде мелодия (негізгі тонның қозғалысы), кідірістер (дыбысталу үзілістері), жекелеген сөздердің дыбысталу күштері (ерекше фразалары мен логикалық екпіні бар сөздер), сөйлеудің темпі мен тембрі арқылы жүзеге асырылатын күрделі тілдік-сөйлеу құбылысын интонация деп түсіндіреді. Интонация сөйлеу тіліне мəнерлегіштік жəне бейнелегіштік қасиет беріп, бейтарап сөздерді ауыспа- лы мағынадағы бейнелі сөздерге айналдырады. Лексикалық стилистикаға қарағанда фонетикалық стилистиканың негізгі ерекшелігі — стилистикалық реңктің басқа сөзбен емес, сол сөздің дыбысталу интонациясын өзгерту арқылы берілуінде. Ол сөз болатын зат не құбылысқа сөйлеушінің жағымды не жағымсыз көзқарасын білдірудің таптырмас құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық қасиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі қолданылады. Төмендегі екі сөйлемнің мағыналық ерекшеліктерін салыстырып көрелік:

  • Туу, ит-ай.......Сонша ұмытпай жүр бəрін (С.Сейфуллин)

  • Алда көргенсіз ит-ай. Нəрестедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр, бəлем, ит аяқтан сары су ішкізермін (Ғ.Мұстафин). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің 4-томында ит сөзінің ауыспалы мағынада оңбаған, жауыз, надан, топас мағыналарды білдіретіні көрсетілнен [ҚТТС, 4-т., 471-б.]. Жалпы тілдік қолданыста ит сөзі жағымсыз бағалауыштықты білдіреді, əдетте, нашар, өзіне ұнамаған, мінезі шəлкес адамдарды итке теңейді (екінші сөйлемдегі мағына), ал бірінші сөйлемде айтушы интонация арқылы ит сөзінің бойына барынша жағымды бағалауыштық реңк қосып отыр. Оның бойынан ырзалықты, сүйіспеншілікті, ерекше ілтипатты көреміз. Осылайша интонация бір сөздің бойына екі түрлі мағына, екі түрлі стилистикалық бояу жамап отыр.

Ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеуден екінші айырмашылығы қабылдаудың түрлі мүмкіндіктеріне байланысты көрінеді. Жазбаша мəтінді түсіну үшін оны бірнеше мəрте оқып шығуға болады, ал ауызша мəтін айтылу барысында бірден қабылданылуы тиіс. Бұл — ауызша сөйлеудің заңы. Тіпті, кейін қайта тыңдау үшін магнитофон таспасына жазып алу да бұл заңды жоя алмайды.
Ауызша сөйлеудің қолданылу аясы өте кең. Ол тек тұрмыстық қатынаспен шектелмейді, үгіт- насихаттық (ақпараттар, сұхбаттар, лекциялар жəне т.б.), ресми-өндірістік (нұсқаулар, тапсырмалар, мəлімдемелер, есептер, міндеттемелер т.б.), қоғамдық (есептік мəліметтер, жарыссөздер т.б.), ғылым (баяндамалар, сөз сөйлеулер), оқу (лекциялар, түсіндірулер, жауаптар т.б.), театр мен эстрада (спек- такльдер, оқулар), мəдени-танымдық жəне ойын-сауықтық салаларда да жиі қолданылады. Ауызша сөйлеу формасы, əсіресе радио мен теледидарда жан-жақты көрінеді. Бұлар ауызша сөйлеудің қолданылу аясына емес, одан жоғары тұратын категория, өйткені олар жоғарыда аталған салалардың көпшілігін бірден қамтиды. Радио мен телевидениенің арқасында: «...не только перегнала письмен- ную по возможностям фактического распространения, но и приобрела перед ней преимущество — моментальность передачи информации...» [2].
Тіл дыбыстарының стилистикалық ресурстарын қарастыруды үш бағытта жүргізуге болады: 1)дыбыстау стилі; 2) дыбыстардың стилистикалық қызметі; 3) дыбыстық символизм, немесе дыбыстың поэтикалық қызметі. Сондай-ақ Л.Г.Барлас дыбыстаудың үш негізгі стилін де көрсетеді: жоғары, бейтараптық, ауызекі сөйлеу [3]. Бұл функционалды-сөйлеу тұрғысынан емес, тілдің фонетикалық парадигматикасына байланысты тілдік жіктеу болып табылады. Сахна тілі бұл стиль- дерге қарағанда ерекше, өйткені театр дыбыстау нормаларына қатаң қарайды, тарихи қалыптасқан нормаларды бекем ұстайды жəне сөйлеушілердің тікелей қоғамдық практикасында дыбыстаудың біртіндеп қалыптасатын жаңалықтарын қабылдамайды. Р.И.Аванесов бейтараптық стильді екі түрге бөлгенді дұрыс санайды: қатаң, бұл — толық нормаланған стиль жəне жартылай нормаланған еркін стиль [4].
Көркем əдебиетте ерекше стильдік бояуға ие болатын тілдік бірліктердің бірі — дыбыстар. Əдеби шығармада дыбыстар қайталанып келуі арқылы түрлі стилистикалық бояулар, эмоционалды- экспрессивтік реңктер, бағалауыштық мəндер жасауда жиі қолданылады.
Дыбыстық қайталамалардың өнімді қолданылатын жері — поэзиялық шығармалар. Қарасөз шеберлеріне қарағанда ақындар өз шығармаларында дыбыстың көркемдік мүмкіншілігін барынша пайдаланады. Əдетте поэтикалық мəтіндегі дыбыстар стильдік қызмет атқарып, көркемдегіш құралға айналуы үшін олар белгілі дəрежеде қайталанып қолданылуы шарт. Дыбыстың қайталануы сөзге əсерін тигізіп, соның нəтижесінде олардың арасында тығыз байланыс орнайды. Дыбыстық қайталаманың негізгі стильдік мақсаты мəтіннің жағымды естілуімен ғана шектелмейді. Поэтикалық мəтіннің ұқсас дыбыстар арқылы берілуі оның эмоционалды бояуын əрлендіріп, өлең өрімінің мəнерлілігін де арттыру қызметін атқарады.
Дыбыстық қайталамаларды қарастырған еңбектердің басым көпшілігі оларды поэзиялық шығармалар тіліне тəн тəсіл ретінде алады. Алайда дыбыстардың қайталануы көркем прозада да, публицистикада да бар. Əрине, олардың қолданылу жиілігін өлең өрімімен салыстыруға болмайды. Дыбыстық қайталаманың озық үлгілерін қазақ ертегілерінен, шешендік сөздерден, мақал- мəтелдерден, қазіргі қазақ прозасының аға буын өкілдері М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, Ə.Кекілбаев, М.Мағауин, Ə.Тарази, Д.Исабеков, О.Бөкей жəне т.б. жазушылардың шығармаларынан көптеп кездестіре аламыз. Мұның өзі дыбыстық қайталаманың жанрлық сипатының шектеусіз екендігін жəне олардың қазақ қара сөзінде де толық орныққан тəсіл екендігін растайды.
Тіл білімінде дыбыстық қайталамалар ассонанс, аллитерация, дыбыстық анафора, ұйқас, ырғақ, консонанс, ішкі ұйқас сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді де, көркем шығармаларда, əсіресе поэзияда жиі қолданылады. Енді солардың бір-екеуіне тоқтала кетсек. Дыбыстық қайталамалардың көпшілікке танымал түрі — аллитерация мен ассонанс. Аллитерация өлең жолдарының бірдей дауыссыз дыбы- стармен қайталанып басталуы болса, ассонанс — бірыңғай дауысты дыбыстармен қайталанып баста- луы. Өлең ырғақ арқылы жасалып, аллитерация мен ассонанс арқылы əшекейленіп, бейнелі түрге енеді. Өлеңнің музыкалық шығармадай құлаққа жағымды естілуі оның мəтіндегі дыбыстық қайталаманың осы түрлерімен тығыз байланысты.
Аллитерация мен ассонанс дыбыстық қайталамалардың басқа да түрлері секілді поэзиялық мəтіндерде еркін қолданылып, осы жанрдағы көркемдік əдіс ретінде кеңінен таралған. Олар тұрмыс- салт жырларында, батырлар жырында, ХV–ХVІІ ғасыр ақын-жырауларының поэзиясында, одан кейінгі дəуірдегі ақындардың өлеңдерінде, əсіресе Абай мен оның дəстүрін жалғастырушы ақындар шығармаларында кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет