Ірі талшықты сүйек ұлпасы ұрықтық кезеңде шеміршек орнында қалыптасатын ұлпа. Осы ұлпа түрінің жасушалары салыстырмалы көп болады және жасушааралық затындағы ірі шоғырлы коллаген талшықтары әр түрлі бағытта орналасады.
Пластинкалық сүйек ұлпасыостеоциттерден және жасушааралық зат сүйек пластинкаларынан құралған ұлпа. Сүйек пластинкаларының органикалық негізін бір біріне параллелді орналасқан жіңішке коллаген талшықтары құрайды. Олар негізгі аморфты зат оссеомукоидпен желімденіп, кальций және фосфор тұздарын сіңіріп қатаяды.
Дентинді сүйек ұлпасыжануарлар тісінің дентин қабатын құрайды. Бұл тұлпаның түрінің остеоциттері сүйек пластинкаларынан тыс орналасады. Сүйек ұлпасына олардың тек өсінділері кіріп жатады.
Сүйек ұлпасының бірлігі остеондар және олардың аралықтарындағы ендерме жүйелері құрайды.
Остеонды бірінің ішіне бірі кіріп, пішіні цилиндр тәрізді сүйек пластинкалары түзеді. Сүйек пластинкалары бір бірімен оссеомукоид арқылы желімденген, қалыңдығы 10-150 нм оссеин талшықтарынан құралған. Остеонның орталығындағы диаметрі 20-30 мкм остеон өзегі бойымен сүйекті қоректендіретін қан тамырлары өтеді.
Сүйек пластинкаларының қабырғалары бұзылған бұрынғы остеондардың қалдығы. Сүйек ұлпасын сыртынан сүйекқап қаптап жатады. Сүйекқаптағы қан тамырлары остеондар өзектеріне өтіп, оларды бойлай таралып, сүйек ұлпасын қоректендіреді. Сынған немесе жарылған сүйектерді сүйекқаптың ішкі қабатындағы остеобластар сүйек ұлпасын түзу арқылы қалпына келтіреді. Сүйек ұлпасының жасушалары остеобласттар, остеоциттер және остеокластар.
Остеобластар(грекше — сүйек, — ұрық) сүйек ұлпасын түзуші жасушалар. Остеобалстар пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 15-20 мкм, ірі ядросында 1-2 ядрошық орналасқан жас сүйек жасушасы. Остеобластар болініп көбеймейді. Олар негізінен жасушааралық затты түзеді. Толық пісіп жетілген остеобластар жасушааралық затты түзу процесін тоқтатып, өздері жасаған жасушаралық заттың аралығында қалып, остеоциттерге айналады.
Остеоциттержұлдыз пішінді көп өсінділі ересек жануарларға тән жасушалар. Цитоплазмасында митохондрийлердің аздаған саны мен шала жіктелген Гольджидің кешені болады. Остеоциттер сүйек ұлпаларының негізгі жетілген жасушалары. Пішіні сопақ немесе көп бұрышты өсінділі тармақтары остеоциттердің цитоплазмасында органеллалар көп болмайды, ядросы ірі болады. Остеоциттер денелері сүйек ұлпасының жасушаралық затындағы шұнқырларда орналасады. Тіршілігін тоқтатқан остеоциттерді остеокласттар сүйек ұлпасындағы бөгде зат ретінде қармап, фагоцитоз арқылы ерітіп жояды.