1 Дәріс Тақырыбы


Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері



бет18/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159
Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері. Бұлшық ет мүше ретінде үш бөліктен тұрады. Олар: бұлшық еттің басы, бұлшық еттің құрсағы және бұлшық еттің құйрығы. Бұлшық еттің басы қозғалмайтын сүйектен басталатын сіңір бөлігі. Ал оның құрсағы ет талшықтарынан тұратын бұлшық еттің ортаңғы бөлігі. Ол негізінен жиырылу қызметін атқарады. Бұлшық еттің құйрығы деп, екінші қозғалатын сүйекке аяқталатын оның сіңір бөлігін айтады. Бұлшық ет сіңірлерінің құрылысы да, бұлшық етке ұқсас, яғни паренхима мен стромадан тұрады. Бұлшық ет сіңірі паренхимасын коллаген талшықтарының шоғырлы будалары құрайды.
Бұлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын және тепе теңдігін сақтаумен қатар, организмдегі тыныс алу, құрсақты қатайту, шайнау, несеп шығару және тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай ақ, олар қанмен келген органикалық қосылыстар құрамындағы химиялық қуаттың 70,0% жылу энергиясына, тек 30,0% ғана механикалық жұмысқа айналдырып, дене қызуын реттеуге қатысады. Бұлшық еттер жануарлар дене массасының жылқыда – 47,7%, сиырда – 42,0 – 47,0 %, ұсақ малдарда – 34,0%, шошқада – 31,0% құрайды. Бұлшық ет құрамының 75,0 % су, 1,0% минеральды тұздар және 24,0% органикалық қосылыстар. Органикалық қосылыстар ішінде: белоктар – 20,2%, майлар – 2,0%, көмрсулар - 0,6%, май тәрізді заттар - 0,8%, азотты экстрактивті заттар – 0,4%. Бұлшық ет түсінің әр түрлі болуы, оның ет талшықтары саркоплазмасындағы темір молекуласымен байланысқан миоглобин белокты пигментінің мөлшеріне байланысты.
2. Бұлшық еттің түрлері. Ішкі құрылымына, пішініне, орналасу орнына, басталатын немесе аяқталатын орындарына, атқаратын қызметіне байланысты бұлшық еттер алуан түрге бөлінеді. Ішкі құрылысына байланысты бұлшық еттер: қарапайым және қауырсынды болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым бұлшық еттердің ет талшықтары бұлшық еттің ұзын білігіне параллельді орналасады. Бұлар тым күшті жиырылып, көп жұмыс атқарады. Бірақ тез шаршап қалады. Бұл топқа негізінен аяқтардың бұлшық еттері жатады. Қауырсынды бұлшық еттердің ет талшықтары бұлшық ет ұзындығына қиғаш орналасады. Ішкі құрылысы жағынан олар: бір, қос және көп қауырсынды бұлшық еттер болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет