Синдесмология сүйектер байланысы туралы ілім. Сүйектер байланысы жануарлар қаңқасы сүйектерінің бір бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Екі топқа бөлуге болады. Олар: қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы және буынды байланысы.
Тұтаса байланысsynarthrosis қаңқа сүйектерінің бір бірімен түрлі ұлпалар арқылы байланысын қамтамасыз етеді. Байланысқан сүйектердің аралықтарында ешқандай қуыс қалмайды. Қаңқа сүйектерін байланыстыратын ұлпалардың түрлеріне сәйкес, сүйектер тұтаса байланысының бес түрі ажыратылады:
Синсаркоз – syncarcosis- сүйектердің бұлшық ет арқылы байланысы. Синсаркозға жауырын мен тоқпан жілік пен тұлға сүйектерінің бұлшық еттер арқылы байланысын жатқызады.
Синэластоз - synlastosis сүйектердің серпімді талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Синэластозға бассүйектін, мойын омыртқаларының және көкірек омыртқалары жоталық өсінділерінің өзара желке, омыртқа доғалары мен жота өсінділері аралықтарындағы эластинді байламдар арқылы байланысын жатқызады.
Синдесмоз-syndesmosis сүйектердің талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Жануарлар организмінде үш түрі кездеседі:
Жұқа талшықты жарғақ арқылы сүйектердің байланысы. Бұған шүйде атлант буынындағы, құйымшақ пен жамбас сүйекаралықтарындағы коллаген талшықтарынан тұратын жұқа жарғақтар жатады.
Байлам арқылы сүйектердің өзара байланысы. Байлам тым берік коллаген талшықтары шоғырлы будаларынан құралған сіңір. Бұған иттің кәрі жілігі мен шынтақ сүйегі аралығындағы сіңірді жатқызуға болады.
Жік сүйектер арасындағы тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдердің жалпақ бассүйектері аралықтарындағы пішіні әр түрлі жұқа жіктер жатады. Сүйектераралықтарындағы қимыл шектеулі болады.