1 Дәріс Тақырыбы


Ауыз қуысы Ауыз қуысы



бет127/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ауыз қуысы


Ауыз қуысы - cavum oris - кіреберіс ауыз қуысына және меншікті ауыз қуысына бөлінеді.
Кіреберіс ауыз қуысы - vestibulum oris - доға тәрізді саңылау. Бір қабырғасын үстіңгі, астыңғы еріндер және ұрттар құрады, ал екінші жаңын тістер қатары және қызыл иек. Меншікті (негізгі) ауыз қуысын - cavum oris proprium - алдында күрек тістер қатары, артында жұмсақ таңдай, астынан ауыз қуысының түбі құрайды. Ауыз қуысына кіреберісті ауыз саңылауы - rima oris, шығаберісті - жұмсақ таңдаймен тіл түбірінің аралығындағы аңқа - isthmus faucium - тесігі қалыптастырады.
Еріндер - labia - тері-бұлшық ет қатпарлары. Оның негізін ауыздың дөңгелек бұлшықеттері түзеді. Жоғарғы және төменгі еріндер - labium superior et interior - ауыздың оң және сол бүйірлерінде бір-бірімен түйісіп ауыз бұрышы езуді - angulus oris - құрайды. Ерін сыртынан терімен ішкі жағынан кілегей қабықпен қапталған. Ірі қара малда жоғарғы еріннен мұрын тесігіне дейінгі аумақта түксіз пигменттелген терімен қапталған каңсар - planum naso ораналасады. Қаңсарда үздіксіз ылғал сұйықтығын бөліп тұратын сірлі бездер орналасады. Төменгі ерін иекке жалғасады. Ерін бездері кілегей беткейінің астында орналасады, көптеген өзектерімен кіреберіс ауыз қуысына ашылады.
Ұрт - bucca - тері-бұлшықеті қатпар, ауыз қуысының жұмсақ бүйір беткейлерін құратын ұрт негізін ұрт еттері - m.buccalis - түзеді. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегей қабығымен астарланған. Ұрт бездері - glandulae buccales - кілегей қабығының астында орналасады. Олар, әсіресе шөппен қоректенетін жануарларда жақсы жетілген. Орналасуы бойынша жоғарғы, ортаңғы және төменгі топтарға бөлінеді. Бездердің көптеген өзектері ұрт кілегей беткейлеріне ашылады.
Қызыл иек - gingivae - ауыз қуысының кілегей қатпары, тіс мойынын қаптап тістерді тіс ұяларына бекітіп тұрады. Үстіңгі қызыл иекте, күректіс сүйегінің денесінің аумағында, қара малда тіс табақшасы - lamina dentalis - болады. Оның негізін тығыз дәнекер ұлпа кілегей беткейін мүйізді эпителий қаптайды. Итте, шошқада, жылқыда тіс табақшасы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет