Бұлшық ет салалары - tunica muscularis - сыртқы қабатында ішектің ұзын бойымен, ішкі қабатында сақина пішінді орналасады. Олар ішек қабырғасының алға, артқа жиырылуына себеп етеді. Орналасу аумағымен, тиісті құрлысының ерекшелігімен және азық-түлікті қорыту процесінің әрекетімен байланысты жіңішке ішек үш бөлікке бөледі. Олар: он екі елі ішек, ащы және мықын ішектері.
Он екі елі ішек - intestinum duodenum - ұзындығы 90-120 см аумағында. Негізі құрсақ қуысының оң жақ қабырға астында орналасады. Осы аумақта бауыр қақпасының алдында S-тәрізді имек құрады. Содан кейін жоғары және артқа бұрылып бауырмен ұйқы безінің негізгі өзектері он екі елі ішек қабырғасына ашылады. Әрі қарай он екі елі ішек тағы да бірнеше имек құрып ащы ішекке жалғасады. Он екі елі ішек қарын, бауыр, бүйрек, соқыр және тоқ ішектермен осы мүшелер аттас жалғамдар мен байланысады.
Ащы (аш) ішек - intestinum jejunum - ең ұзын ішек ірі қара малда 40 м, жылқыда 19-30 м, шошқада 15-20 м, итте 2-7 м-ге дейін жетеді. Осы аталған ұзындық көптеген ішек имектерін құрып ұзын шажырқай арқылы бел омыртқаларына ілінеді.
Ішек қуысы азыққа толық болмайды сондықтан болар бөліктің аш деп аталуы. Ащы ішек құрсақ қуысының барлық бос аумақтарында жатады. Ірі қара малда оң жақ, жылқыда сол жақ мықын аумақтарында шошқада қабырға астында, ал итте құрсақтың төменгі жағында. Ішек қабырғасында көптеген лимфа түйіндері кездеседі.
Мықын ішек - intestinum ileum - ащы ішектің жалғасы оң жақ мықын аумағында орналасқан. Ішек жуан ішекке соқыр ішек және тоқ ішек аралықтарында ашылады (ит, шошқа, ірі қара мал), жылқыда соқыр ішекке
ашылар тусында тесіктің қабырғасындағы қысқыш бұлшық ет қуыс беткейіне сақина бүртігін құрады. Ішек қабырғасы лимфоидты ұлпаға бай.
Бауыр және ұйқы безі
Бауыр - hepar - ең үлкен ас қорыту безі. Сиырдың бауыры ең қомақты, түсі қүрең-қызыл. Оң жақ қабырға астында орналасады. Өт қабы жақсы жетілген, бауыр бөліктері нашар байқалады. Бауырдың дорсальды жиегі - margo dorsalis - доғал, вентральды жиегі - margo ventralis - жұқа келеді. Диафрагмаға қараған беткейі дөңес ішке қараған (асқазан, ішек) висцеральды беткейі - facies visceralis - ойпат болады. Төменгі жұқа жиегінде орта ойық - incisive - болады, бауырды оң жақ, сол жақ бөліктерге - lobus hepaticus dexter, sinister - бөлетін. Осы ойықтың бойымен іштегі төлдің кіндік венасынан пайда болған жұмыр байлам - ligamentum teres - өтеді. Бұл байлам бауырды диафрагмамен жалғыстырады. Сол жақ бөлім - lobus sinister - жұмыр байламның сол жағында болады. Оң жақ бөлім - lobus dexter - өт қабының оң жағында орналасады. Ортаңғы бөлігі - lobus medialis - сол жақ және оң жақ бөліктер аралығында жатады. Өт қабы - vesica fellae - бауырдың висцеральды беткейінде оң жақ және ортаңғы бөліктер аралығында орналасады. Бауырдың ортасында бауыр қақпасы - porta hepatis - болады, бауыр тамырдары енетін. Осы жерде ортаңғы бөлік, төменде - шаршы бөлікке - lobus quadratus және жоғарғы құйрық бөлігіне - lobus caudatus ажырайды. Құйрық бөлігінде (сиырда, итте) еміздік өсінді, ал құйрық өсіндісі барлық жануарларда жақсы байқалады. Шошқадан басқа жануарларда оң бөлікпен құйрық өсіндісінің беткейінде бүйректің алдыңғы шеті жататын ойпат - impressio renalis - байқалады. Үстіңгі доғал жиегінде сол жақ бөлікпен құйрық бөліктерінің аралығында өңеш өтетін ойық - incisura oesophagea - кездеседі. Оң жақ бөлікпен құйрық бөліктерінің аралығында каудальды қуыс вена - vena cava caudalis - өтетін өзек байқалады. Бауыр сыртынан серозды қапшықпен қапталған. Тәждік жалғам - ligamentum coronarium - арқылы доғал жиегімен бауыр көкетке бекиді. Ол бауырдың екі жағына қарай ұшбұрышты байламға - ligamentum triangulare - айналады.
Бауыр шошқада және итте терең бөлшектенген жылқыда өт қапшығы болмайды. Сол жақ бөлігі латеральды және медиальды бөліктеріне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |