1 Дәріс Тақырыбы


Қабырға - мойын бағанынан



бет154/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Қабырға - мойын бағанынан - truncus costocervicalis - таралады алдыңғы қабырға аралығының дорсальды жауырын және терең мойын артериялары, бағанның әрі қарай жалғасы омыртқа артериясы деп аталады. Аталған үш тамырлар негізінде мойынның дорсальды беткейіндегі бұлшықеттерді және кеуденің шоқтық аумағын қоректендіреді.
Жылқыда қабырға - мойын бағаны болмайды, алдында аталған үш тамыр сол жақ бұғанаастынан таралады.
Омыртқа артериясы - a.vertebralis - мойын омыртқаларының көлденең тесіктері арқылы өтіп атлантқа дейін барады. Әр сегментте дорсальды, вентральды және жұлын бұтақтары бөлінеді, сөйтіп, олар аттас аумақтарды қоректендіреді. Омыртқа артериясының алдыңғы шеті мидың ғажапторын - rete mirabile - түзуге қатынасады.
Мойынның беткей артериясы (иық-мойын бағаны) - a.cervicalis superficialis - алға және төмен қарай бағытталып бірнеше тамырлар бөледі, мойынды және жауырынның алдыңғы беткейін қоректендіретін.
Кеуденің (көкірек) ішкі - a.thoracica interna - бұғанаасты артериясынан басталып, 1-ші қабырға аралығында артқа бағытталып кеуде қуысының ішкі беткейінде, төс сүйегінің дрсальды жағында жатып бірнеше бұтақтар бөледі: қанды, айырша безге (тимус), жүрек қабына, көкірек бұлшық еттеріне және диафрагмаға апаратын. Кеуденің ішкі артериясы төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісінің аумағында, көкетті тесіп өтіп әрі қарай жалғасы, құрсақ үсті артериясына - a.epigastrica cranialis - айналады.
Бұғанаастының артериясы, сыртқы кеуде артериясын таратқаннан кейін, қолтық артериясы деп аталады. Ол негізінен алдыңғы аяқты қанмен қамтамасыз етеді.
Сыртқы кеуде артериясы - a.thoracica externa - төстің сыртқы беткейінде орналасады, сөйтіп осы аумақтың еттері мен терісін қоректендіреді.
Кеуде және құрсақ қолқасының артериялары


Кеуде немесе көкірек қолқасы - aorta thoracica - кеуде қуысында, көкірек омыртқаларының астында орналасады. Қолқадан, қуыс қабырғасына-париетальды, ішкі мүшелерге – висцеральды тарамдар бөлінеді.
Париетальды бұтақтарға жұп қабырға аралығының артериялары - aa.intercostales - жатады. Олар IV - V -ші қабырғааралық сегменттерден басталып соңғы қабырға жұптарына дейін созылады. Тамырлар қабырғалардың қан тамыр сайының бойымен орналасып төмен қарай бағытталып, қабырға шеміршегінің аумағында, ішкі кеуде артериясынан таралатын бұтақтар мен қосылады. Әрбір қабырға аралық артериядан дорсальды, жұлын және тері тармақтары бөлінеді.
Висцеральды бұтаққа өңеш-бронх артериясы - a.bronchoesophagea - жатады. Ол 5-ші қабырға аумағында екі тармаққа бөлінеді: өңеш - ramus oesophagei - өңеште тармақталады; бронхиальды - ramus bronchialis - бронхтарға таралып, әрі қарай өкпе артерияларымен қосылады. Аталған екі тамыр өз бойынша бөлек, аортадан да таралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет