1 Дәріс Тақырыбы


Жүрекшелер - atrii cordis - жүрек негізінде (кеңжағы) орналасады, қабырғалары жұқа болады. Оң жақ жүрекшенің



бет151/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Жүрекшелер - atrii cordis - жүрек негізінде (кеңжағы) орналасады, қабырғалары жұқа болады. Оң жақ жүрекшенің - atrium dexter - үстіңгі жағын да екі ірі тесік болады краниальды және каудальды қуыс веналары - ostium venae cavae cranialis et caudalis - жүрекке қан әкелетін. Сол жақ жүрекшенің - atrium sinister - дорсальды беткейінде 4-7 дейін өкпе веналарының тесіктері орналасады. Жүрекшеден қан атриовентрикулярлы немесе венозды тесіктер арқылы сол жақ қарыншаға қуйылады.
Қарыншалар - ventriculi cordis - жүректің аумақты бөлігі, тәждік сайдан төмен орналасқан. Бұлшықет қабаты (перделі, көлденең, еміздікті) жақсы жетілген. Еміздікті бұлшықеттерге атриовентрикулярлы қақпардан жалғасқан сіңірлі желілер - chordate tendineae бекиді.
Оң жақ қарынша - ventriculi dexter - жүректің алдыңғы оң жақ беткейінде орналасады, жүрекшенің астында. Қабырғасы жүрекше қабырғасымен салыстырғанда қалың болады. Ішкі беткейінде үш еміздікті бұлшықет төмпешіктері көрінеді. Жүрекше мен қарыншаның аралығындағы тесіктің - ostium atrioventricularis dextrum - негізін фиброзды сақина құрайды, үш жақтаулы қақпақшамен - valvula tricuspidalis - жабдықталған. Қақпақтар эндокардтың қатпарлары, табанымен тесікке жалғасқан, бос шетімен қарынша ішінде сіңірлі желілер арқылы еміздікті бұлшықеттерге бекитін.

Оң жақ қарыншада аталған тесіктен басқа, артериальды тесік - ostium trunci pulmonis - болады қанды өкпе артериясына апаратын. Бұл тесіктің да негізін фиброзды сақина құрады, өкпе артериясы айтәрізді қақпағымен - valvula semilunaris arteriae pulmonalis - жабдықталған. Қақпақ үш қалта тәріздес қатпардан құралған. Қақпақтың дөңес беткейі қарыншаға, ал ойпат жиегі өкпе тамырына қараған.
Сол жақ қарынша - ventriculus sinister - жүректің сол жақ беткейінде, артқа ығыса орналасады. Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншамен салыстырғанда 2-5-есе қалың болады. Ішкі беткейінде екі еміздікті бұлшықеттер көрінеді. Сол жақ жүрекшемен қарыншаның аралығындағы (венозды) тесік - ostium atrioventricularis (venosum) sinistrum - қос жақтаулы немесе митральды қақпақпен - valvula bicuspidalis - жабдықталады. Тесіктің қабырғасын фиброзды (дәнекер ұлпа) сақина құрайды. Қолқа тесігі - ostium aortae - арқылы қан қарыншадан аортаға барады, оның шығаберіс қабырғасын үш айшық (қалта тәріздес) қақпақтар - valvula semilunaris aortae - жиектейді. Аорталық тесіктің да негізін фиброзды сақина құрады. Аталған тесіктің бойында қос жүрек - ossa cordis - сүйекшелері болады.
Жүрек кеуде қуысында 3-6 қабырғалар аралығында сол жаққа қарай ығыса орналасады. Жүректің кеңжағы (негізі) 6-шы кеуде омыртқасының астында, төбесі 5-ші қабырға аумағында төс сүйегіне 2 см жетпей орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет