1 Дәріс Тақырыбы


Каудальды (артқы) қуыс вена



бет158/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Каудальды (артқы) қуыс вена - v.cava cranialis - 5-ші бел омыртқасының тұсынан басталып, алға қарай созылып бауырдың үстінгі шетімен өтіп содан кейін диафрагманың төбесін тесіп, кеуде қуысына шығады. Көкірек қуысында өкпелер арасымен жүріп, жүректің оң жақ жүрекшесіне қан әкеледі. Каудальды қуыс вена басталады, оң жақ және сол жақ жалпы мықын веналарының - v.iliacae communes dextra et sinistra -құйылысынан. Оларды сыртқы және ішкі мықын веналары қалыптастырады. Ішкі мықын венасына - v.iliaca interna - қан жамбас қуысынан және сондағы органдардан жиналады. Артқы аяқтан, сыртқы жыныс мүшелерінен, аналық ағзада сүт безінен, қан сыртқы мықын венасына - v.iliaca externa - құйылады. Венозды қан құрсақ қуысының қабырғасынан сондағы органдардан (ас қорыту мүшелерінен басқа) артериялармен қатарлас орналасқан веналар арқылы каудальды қуыс венаға шығады.

Асқорыту жүйесінен және көкбауырдың қан қақпа венасына - v.porta - жиналады. Қақпа венасы бауырға кіріп, көптеген қылтамырларға таралады сөйтіп, бауырдың ғажап венозды торын құрады. Тордан бауыр веналары қалыптасады, - v.v.hepatice - каудальды қуыс венаға ашылатын.


Каудальды қүыс венаны түзуге дененің артқы бөлігінен - жалпы мықын, ішкі мықын және сыртқы мықын веналары қатысады.
Жалпы мықын венасы орталық жамбас және құйрық веналарының жалғасы болып саналады.
Ішкі мықын венасы вена қанын жамбас қуысының қабырғасы мен осы аумақтағы орналасқан мүшелер веналарынан жинайды. Тамырлар атаулары мүшелер атауларымен сәйкес келеді.
Сыртқы мықын венасы вена қанын артқы аяқ, құрсақ қабырғасы, сыртқы жыныс мүшелері мен желін веналары тамырларынан жинайды.
Лимфа айналым жүйесі

Лимфа жүйесі қызметі жағынан қан тамыр жүйесі мен тығыз байланысты. Ал, морфологиялық байланысы негізгі лимфа тамырлары соңында краниальды қуыс венамен жалғасады. Лимфа жүйесінің құрамына: лимфа капиллярлары, тамырлар, бағаналар, өзектер және лимфа түйіндері кіреді, сүйықтыққа бай. Жүйенің организмдегі атқаратын қызметі алуан түрлі. Олар: денедегі ішкі сұйықтықты тазарту, артық затты сорып алу, дренаждық қызмет атқару, улы, зиянды, бөгде заттарды жою, лимфа түйіндерінде лимфоциттер мен моноциттер түзіледі.


Лимфа тамырларының бойында

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет