Жалпы ұйқы артериясы - a.carotis communis - негізгі тамыр, басқа қан апаратын одан бірнеше тамырлар шығады. Жалпы ұйқы артериясы мойын аумағында вена күретамырымен, вагосимпатикус нервімен қатарлас жатады. Аталған артериядан жолайы мойын бұлшық еттеріне, өңешке, кеңірдекке, көмекейге, айырша безге қан әкелетін бірнеше тамырлар шығады. Әр жалпы ұйқы артериясы желке буынының аумағында сыртқы (жуан) және ішкі (жіңішке) үйқы артерияларын бөледі.
Сыртқы ұйқы артериясы - a.carotis externa - төменгі жақтың артқы жиегімен өтіп шықшыт буынының бойында одан бірнеше тамырлар шығады: шүйде, сыртқы жақ, құлақ, шәйнау, беткейі самай аталған аумақтарды қоректендіреді.
Ішкі ұйқы артериясы - a.carotis interna - тек бұзауларда ғана болады. Жыртықша тесектің бойынан өтіп ми сауытының қуысында эпидуральды ғажап торды түзуге қатысады. Ересек жануарларда аталған тамыр жойылып кетеді.
Сыртқы ұйқы артериясынан тіл-бет бағаны (сыртқы жақ артериясы) бөлінеді олар өз-ара тіл және бет артерияларына таралады. Тіл артериясы тіл аумағына, сілекей бездеріне және иек аумақтарын қоректендіреді.
Бет артериясы - a.facialis - астыңғы жақтың медиальды беткейінен тамырлы ойпат арқылы бастың латеральды беткейіне шығып, бастың бет аумағында бірнеше үлкенді кіші тамырларға ажырайды.
Жоғарғы жақ артериясы - a.maxillaris - сыртқы ұйқы артериясының жалғасы болып саналады. Одан миға, көздің құрамына, маңдай терісіне, бастың ымдау және шәйнау бұлшық еттеріне тамырлар бөлінеді. Көз шарасының алдында орналасқан қанатша-таңдай шұңқырынан өтетін тамырлар мұрын және ауыз қуысының кілегей қабатын қоректі заттармен қамтамасыз етеді. Жоғарғы жақ артериясының тармақтары көз астының, астыңғы жақ каналының бойымен өтіп тістерге, еріндерге, мұрын қабырғасына иек аумағына қоректі қоспаларды жеткізеді.
Қолқа доғасынан (баданадан) краниальды бағытта қысқа кең иықбас бағаны (тірек) - truncus brachiocephalicus - бөлінеді. Одан қан мойынға, басқа, кеуде қуысының алдыңғы бөлігіне және алдыңғы аяқтарға барады.
Екінші кеуде омыртқасының астында иықбас бағанынан сол жақ бұғана астының артериясы - a.subclavia sinistra - таралады.
Бұл бағанның әрі қарай жалғасы - иықбас артериясы деп аталады. Одан алға қарай басқа, жалпы ұйқы бағаны - truncus bicaroticus - бөлінеді.
Иықбас артериясының келесі жалғасы, он жақ беткейінде, он жақ бұғанаастының артериясы - a.subclavia dextra - деп есептеледі.
Сол жақ және он жақ бұғанаастының артериялары иіліп бірінші қабырға алдында ірі қара малда, мынандай тамырларды бөледі: қабырға - мойын бағаны, беткей мойын артериясы, ішкі және сыртқы кеуде артериялары.
Достарыңызбен бөлісу: |