1 Дәріс Тақырыбы



бет30/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159
Эпидермис - теріүсті қабатты. Ол көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидермисте қан тамырлары болмайды. Ол сезімтал жүйке ұштарына бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен жоғарыға қарай негіздік (базальды), қылтанақты, дәншелі, жылтырауық және мүйізді қабаттар жатады.
Төменгі негіздік қабаты негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттер құрайды. Олардың аралықтарында аздаған меланоциттер кездеседі. Эпидермоциттер митоз арқылы үздіксіз көбейетін жас камбиальды жасушалар. Олар бояғыш зат меланин пигментін түзеді.
Қылтанақты қабаттың пішіні дөңгелекше немесе көп қырлы келген, 2-3 қатарда орналасқан эпидермоциттер түзеді. Эпидермоциттердің аралықтарында арнайы иммундық дендроциттер (Лангерганс жасушалары) кездеседі. Бұл қабаттағы эпидермоциттер митоз арқылы бөлінеді. Сондықтан, базальды және қылтанақты қабаттарды біріктіріп, өсу қабаты деп атайды.
Дәншелі қабаты 2-4 қатарда орналасқан, пішіні сопақша келген, цитоплазмасында жұмсақ мүйізді зат кератогиалин дәншелері болатын эпидермоциттер құрайды. Эпителий жасушалары жоғарылаған сайын кератиноциттерге айналады. Жасушалар толығымен жұмсақ мүйізбен толады да, жылтырауық қабатты құрайды.
Жылтырауық қабат кератиноциттерінің цитоплазмасындағы тонофибриллары мен кератогиалин мүйізді заты бірігіп, біртұтас мөлдір сәуле сындырғыш жұмсақ мүйізді зат элеиндинге айналады.
Мүйізді қабат эпидермистің ең қалың қабаты. Терінің сыртқы бетіндегі қызметін тоқтатқан мүйізді қабыршақтар, төменгі қабаттардағы қабыршақтармен байланысын үзіп, қайызғақтанып түсіп отырады.
Дерма немесе нағыз тері қабаты терінің ең қалың қабаты. Ол өз кезегінде сыртқы емізікше және ішкі торлы қабаттардан тұрады.
Емізікше қабат эпидермистің астындағы көптеген емізікше тәрізді құрылымдар түзетін борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат.
Торлы қабат бір - бірімен торлана орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары будаларынан және олардың арасындағы серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарынан құралған, тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет