1 Дәріс Тақырыбы



бет32/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159
Түк түбірін сыртынан түк қабы немесе түк фолликулы (folliculus pili) қаптап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. Сыртқы түк қапшығы (capsula pili) тамырлар мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Ал ішкі қабаты түк түбірінің қынабы (vagina radicis) эпидермистің тері ішіне үңгілене енген жалғасы. Ол көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден тұрады. Аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақпен бөлінген.
Теріде түктер қиғаш орналасып, тері бетіне көлбей шығады. Түктің тік немесе бұйра, қылшық немесе түбіт болып өсуі түк фолликулының құрылысы мен пішініне байланысты. Бірыңғай салалы ет ұлпасынан құралған түк көтергіш ет терінің емізікше қабатынан басталып, түк түбіріне жалғасады. Түк көтергіш ет жиырылып, тері түктері түбірлерін тартып көтеріп, тері бетіндегі түк сабақтарын тікірейтеді. Тері түктері, терінің сыртқы бетінде пішіні әр түрлі түк ағындарын (flumen pilorum) жасайды. Олардың пішіндері дөңгелекше не сызықша болып келеді. Ағындардың түктері не сыртқа қарай (дивергентті) немесе ішкі бағытта (конвергентті) орналасады. Жануарлардың тері түктері белгілі бір мерзімге дейін өсіп жетіліп, сезім түктерден басқалары түлеп отырады. Түлеу кезінде түк баданасының негіздік қабатындағы түзгіш эпителиоциттерге түк емізікшесінен тиісті мөлшерде қоректік заттар келмейді. Нәтижесінде түзгіш эпителиоциттердің көбею процесі тоқтап, олардың түк сабағына жақын жатқан бөлігі мүйізденеді де, түк баданасының тірі эпителиоциттерінен бөлінеді. Осыдан соң, түбірдегі сабақ түк фолликулы өзегімен сыртқа қарай жылжып, түсіп калады. Бұл процесті түлеу — деп атайды. Түлеу кезеңі біткенннен кейін, түк баданасы жасушаларына қоректік зат керекті мөлшерде жеткізіледі де, түк баданасы эпителиоциттерінен жаңадан түк өсіп жетіледі. Жыл маусымына байланысты түлеу, әсіресе, жабайы аңдарда айқын көрінеді. Үй жануарларында да, мысалы, ит пен сиырда, маусымдық түлеу байқалады.
5. Тері бездері: май, тер, және сүт бездері жатады.
Май бездері терінің емізікше қабатында орналасады. Май бездері емшектің терісінде, жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда, тұяқ пен мүйізде болмайды.
Тер бездері құрылысы қарапайым түтікше бездерге жатады. Тер безінің секреті тер арқылы денеден артық су, тұздар, дәрі-дәрмектер, белоктық алмасудың ыдырау өнімдері несепнәр, несеп қышқылдары организмге керексіз заттар шығарылады.
Майтабан тұяқтың артқы жағында орналасқан тығыз, серпімді тері туындысы. Орналасу орындарына байланысты алдыңғы аяқта тізе майтабаны, алдыңғы жіліншілік майтабаны, тілерсек майтабаны, артқы жілінішік майтабаны және тұяқ майтабаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет