1 Дәріс Тақырыбы


Қосымша бөксе бұлшықеті –accessorius –



бет29/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   159
3.Қосымша бөксе бұлшықеті –accessorius – ортаңғы бөксе бұлшықетімен бірігіп кетеді. Ол мықын сүйегінің қанатынан басталып, үлкен ұршықта аяқталады.
4.Терең бөксе бұлшықеті - m. gluteus profundus – ортаңғы бөксе бұлшық етінің астында орналасады. Ол шонданай қырынан басталып, үлкен ұршықта аяқталады.
5. Алмұртша бұлшықет - m. piriformis - тек итте жеке бұлшықет түрінде болады. Ол құйымшақ сүйегі мен құйымшақ –жамбас байламынан басталады да, сіңірлі ұшы арқылы үлкен ұршыққа келіп бекиді.

4 – Дәріс
Тақырыбы: Тері жабыны мүшелер жүйесі. Тері жабынының құрылысы және туындылары.

Мақсаты: Тері жабынының құрылысы және туындылары. Әртүрлі жануарлардың сүттену кезеңдерін, сүттің түзілу, сүт бөлу механизмдері мен олардың реттелуін түсіндіру.
Негізгі сұрақтар:

  1. Терінің маңызы және құрылысы.

  2. Терінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.

  3. Тері туындылары. Тері бездері.

  4. Сүттену. Оның кезеңдері

  5. Сүттің құрамы, қасиеттері.

Жалпы жабын теріден және одан дамитын мүшелер тері туындыларынан тұрады.


1. Тері дененің сыртқы қабығы ретінде өзіне тән өткізгіштік қасиетімен және тамырлар мен жүйкелердің жақсы жетілуіне байланысты, организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасының түзілуіне толық жағдай тудырады. Ол жүйке жүйесінің рецепторлы (сезімтал) алаңы ретінде организмді қоршаған сыртқы ортамен байланыстырады. Тері көптеген сезімтал жүйке ұштары мен биологиялық белсенді нүктелері арқылы жарық, жылу, суық, сипап сезу, механикалық тітіркеністерді қабылдап, сезім мүшесі қызметін атқарады. Тері жабыны денені механикалық, физикалық, химиялық зақымданудан сақтайды. Оның сыртқы бетінің қалыпты жағдайдағы Ph-реакциясы қышқылдық орта (3,2-5,2). Бұл орта ауру тудырушы микробтардың өніп-өсуіне қолайсыз. Тері микроорганизмдер мен әр түрлі бөгде заттардың денеге енуіне жол бермейді. Ол дене құрамындағы судың шамадан тыс буланбауын қамтамасыз етеді. Тері дененің қызуын тұрақты бір денгейде ұстап және реттеп отырады. Жалпы тері жабыны денедегі зат алмасу процестеріне үлкен белсенділікпен ат салысады.
Тері жабыны - түзуші мүше. Теріде тері майы және мүйіз түзіледі, тыныс алуға қатысады. Көптеген ферменттердің қатысуымен тері эндокриндік қызмет атқарады. Ортаның маусымдық өзгерістері де жануарлар тері түктерінің әр түрлі деңгейде түлеуіне, тері қабаттары қаландығының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Өңдеуден өткен жануарлар терілерінен бағалы тондар, былғары дайындалады.
2. Тері құрамының 70 пайызы судан тұрады. Құрғақ затының негізін коллаген белогі құрайды. Тері құрамындағы органикалық заттардан көп кездесетіні липид. Одан басқа сілтілі металдар калий, натрий, магний, кальций және металл емес бром, фтор, йод, фосфор кіреді. Денедегі ас тұзының 1\3 бөлігі теріде болады.
3. Тері үш қабаттан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет