1 Дәріс Тақырыбы



бет27/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159
Ерекшеліктері. Арқаның тым жалпақ бұлшық еті жылқыдан басқа жануарларда аталған омыртқалардан жəне соңғы екі қабырғадан басталады.
Қызметі. Арқаның тым жалпақ бұлшық еті иық-бас бұлшық етіне қарама-қарсы (антогонист) əсер етеді. Ол иық буынын бүгу арқылы алдыңғы аяқты артқа қарай қозғайды. Ал алдыңғы аяқ жерге иық басылып тұрған кезде, тұлғаны алға қарай жылжытады.
3. Беткей кеуде бұлшық еті (m. pectoralis superficialis) көкірек керегесінің вентральды бетінде, алдыңғы аяқтардың аралығындағы теріастында орналасады. Ол тоқпан жіліктік жəне білектік бөліктерден тұрады. Бұлшық еттің тоқпан жіліктік бөлігі — төссүйек тұтқасынан басталып, дельта тəрізді бұдырдан төменірек тоқпан жілік қырында, ал
білектік болігі төссүйек денесінің алдыңғы жағындағы 1-6 –қабырға шеміршектерінен басталып, білек шандырының медиальды бетіне барып аяқталады.
Ерекшеліктері. Итте бұлшық еттің тек тоқпан жіліктік бөлігі ғана болады. Ол төссүйек денесінің бірінші сегментінен басталады.
Қызметі. Беткей кеуде бұлшық еті алдыңғы аяқтарды бір-біріне жақындатып, аддуктор қызметін атқарады. Тоқпан жілікті алға тартып, иық буынын жазады.
4. Терең кеуде бұлшық еті (m. pectoralis profundus) тоқпан жіліктік жəне жауырыналды бөліктерден тұрады. Тоқпан жіліктік бөлігі төссүйек денесінің артқы жағынан жəне сары шандырдан басталып, тоқпан жіліктің үлкен жəне кіші төмпешіктерінде, ал жауырыналды бөлігі төссүйек пен алдыңғы қабырға шеміршектерінен басталып, қыралды бұлшық еті
шандырында аяқталады.
Ерекшеліктері. Сиыр мен шошқада бұлшық ет тоқпан жіліктің тек үлкен төмпешігіне ғана бекиді. Жылқыда, ұсақ малдарда жəне шошқада бұлшық ет тоқпан жіліктік жəне жауырыналды бөліктерге бөлінеді. Тоқпан жіліктік бөлігінің басталуы мен аяқталуы жоғарыда баяндалды. Ал жауырыналды бөлігі төссүйек пен алғашқы қабырға шеміршектерінен басталып, қыралды бұлшық ет шандыры мен тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне бекиді.
Қызметі. Терең кеуде бұлшық еті аддуктордың қызметін атқарады. Ал алдыңғы аяқты алға жылжытып жерге басқаннан соң, ол тұлғаны алға қарай тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет