1 Дәріс Тақырыбы


Тұяқ теріден дамыған аяқтардың мүйізделген мүшесі. Ол 4 бөліктен тұрады: тұяқ көбесінен, жұлығынан, қабырғасынан, ұлтанынан. Сүт безі - желін



бет33/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   159
Тұяқ теріден дамыған аяқтардың мүйізделген мүшесі. Ол 4 бөліктен тұрады: тұяқ көбесінен, жұлығынан, қабырғасынан, ұлтанынан.
Сүт безі - желін. Бездің стромасы мезенхимадан дамиды. Сиырда төрт бөлімді, төрт емшекті; биеде 4 бөлімді, 2 емшекті; қой мен ешкіде 2 бөлімді, 2 емшекті; шошқа мен итте көп бөлімді желін. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен тұрады: паренхимадан және стромадан. Желін сыртынан терімен, оның астындағы екі қабат: беткей және терең шандырлармен қапталған. Сүт безінен 1 литр сүт бөліну үшін, кем дегенде желін арқылы 500 литр қан ағып өтуі керек.

Тері туындысы сүт безінен (желіннен) алынатын сүттен əр түрлі тамақ
өнімдері (ірімшік, қаймақ, балқаймақ, балмұздақ, құрт, қымыз, айран, шүбат
т.б.) өндіріледі.
Терінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері. Тері қурамының 70% -ы судан тұрады. Құрғақ затының негізін коллаген белогі құрайды. Тері құрамындағы органикалық заттардан көп кездесетіні липид (май). Ол денедегі барлық липидтің 2% -ына тең. Мысалы, терінің 5% -ы бейтарап май жəне май қышқылдары, 1% -ын холестерин құрайды. Тері кұрамына сілтілі металдар калий, натрий, магний, кальйий жəне металл емес бром, фтор, йод, фосфор т.б. химиялық элементтер кіреді. Денедегі ас тұзының 1/3 теріде болады. Tepi берік те серпімді мүше. Оның мүйізді қабаттары мен туындылары электр тоғын өткізбейді. Жарақаттанудан соң, оның қалпына келу процесі жедел жүреді.
Терінің құрылысы. Тері құрылысы жағынан қабатты мүше, Ол үш қабаттан: теріүсті қабаттан (эпидермистен), дермадан (нағыз теріден) жəне теріасты қабаттан (шел қабатынан) тұрады.
Эпидермис (epidermis) — терінің сыртқы ең жұқа теріүсті қабаты. Ол жануарлар терісі қалындығының 1-2% -ын құрайды. Эпидермис көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидеристің қалыңдығы, құрылыс ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл мерзімдеріне, терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке ұштарына бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті
қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен жоғарыға қарай негіздік (базальды__________), қылтанақгы, дəншелі, жылтырауық жəне мүйізді қабаттар жатады.
Төменгі негіздік (базалды) қабатты негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тəрізді эпителиоциттер (эпидермоциттер) құрайды. Олардың аралықтарында аздаған меланоциттер кездеседі.
Эпидермоциттер бір-бірімен өзара десмосомалар, ал негіздік жарғақпен жартылай десмосомалар арқылы байланысады. Негіздік қабаттың эпидермоциттері митоз арқылы үздіксіз көбейіп жататын жас камбиальды жасушалар. Олардың цитоплазмасында белокты синтездеуге қатысатын органеллалардың барлығы да (гранулалы эндоплазмалықтор, рибосомалар, Гольдж кешені) жақсы жетілген. Эпидермоциттердің аралықтарындағы өсінділі меланоциттер бояғыш зат меланин пигментін түзеді. Күннің ультракүлгін сəулелері əсеріне байланысты меланин көп мөлшерде түзіліп, тері күңгірттеніп, организмді күн сəулелерінің қатерлі өсерлерінен қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет