1 Дәріс Тақырыбы


ТЕРІ БЕЗДЕРІ (glandulae cutis)



бет39/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

ТЕРІ БЕЗДЕРІ (glandulae cutis)
Үй жануарларының тері бездеріне май, тер жəне сүт бездері жатады.
Май бездері (glandulae sebaceae) терінің емізікше қабатында орналасады. Ол құрылысы қарапайым көпіршікше (альвеолалы) бездерге жатады. Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий құрайды. Без өзегі түк қынабы қуысына ашылады. Май бездері қоршаған борпылдақ дəнекер ұлпасынан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Безді
жасушалар — гландулоциттерге сөл бөлу үшін қажетті заттар борпылдақ дəнекер ұлпасындағы қан тамырларымен келеді. Бездің шеткі жағында бөліну арқылы көбейіп жатқан жас жасушалар орналасады. Без ортасындағы ірі гландулоциттерде жасуша ядросы болмайды. Олардың цитоплазмалары қоймалжың майлы секретке толып, үлкейіп жарылады (голокринді бөліну) да, майлы секретке айналады. Май безінің секреті тері майы (sebum) — эпидермис пен тері түктерін майлайды. Май бездері емшектің терісінде,
жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда, тұяқпен мүйізде болмайды.
Тер бездері (glandulae sudoriferae) құрылысы қарапайым түтікше бездерге жатады. Бездің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тəрізді безді эпителий құрайды. Секрет бөлу кезінде гландулоциттер не жартылай бұзылып, олардың сөлге толған апикальды (қуысы жағындағы бос ұшы) ұшы үзіліп, тер тамшысына айналады (апокринді бөліну), не олардың бүтіндігі бұзылмай, тер тамшылары сүзіліп шығады (мерокринді бөліну). Безді
сыртынан бір қабатта орналасқан пішіні себетке ұқсас миоэпителий жасушалары қаптап жатады. Без көпіршігінің (альвеоласының) қуысы терге толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып сығыл, жиналған тердің тер безінің өзегі арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді.
Терді бөлуге керекті заттар без сыртындағы борпылдақ дəнекер ұлпасындағы қан тамырлары арқылы жеткізіледі. Түкті теріде бездің шығару өзегі түк қынабына, ал түксіз теріде ол тікелей терінің сыртқы бетіне ашылады. Тер безінің секреті тер арқылы денеден артық су, тұздар, дəрі-дəрмектер,белоктық алмасудың ыдырау өнімдері несепнəр (мочевина), несеп қышқылдары т.б. организмге керексіз заттар шығарылады. Сонымен қатар, ол тері түктері мен эпидермисті сулап ылғалдандырып, оларды кеуіп қалудан
сақтайды. Тер бездері дене қызуын реттеуге де қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет