1 Дәріс Тақырыбы


Дерма (derma) немесе нағыз тері қабаты



бет35/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159
Дерма (derma) немесе нағыз тері қабаты (согішп) терінің ең қалың қабаты (98-99%). Ол өз кезегінде сыртқы емізікше жəне ішкі торлы қабаттардан құралған.
Емізікше қабат (stratum papillare) эпидермистің астындағы көптеген емізікше тəрізді құрылымдар түзетін борпылдақ дəнекер ұлпалық қабат. Оны эпидермистің базальды қабатынан негіздік жарғақ (membrana basalis) бөліп тұрады. Бұл қабатты борпылдақ дəнекер ұлпасы коллаген талшықтарының жіңішке шоғырлары, теріге серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарының торы, ретикулин талшықтары жəне борпылдақ дəнекер
ұлпасының жасушалары: фиброциттер, гистиоциттер, ретикулоциттер, ұлпа базофилі құрайды. Ол эпидермистің ішіне еніп, пішіні əр түрлі емізікшелер түзеді. Қабаттың емізікше аталуы да осыған байланысты. Бұл қабатта қан жəне лимфа тамырларының өрімдері мен тораптары көптеп кездеседі.
Сондықтан, бұл қабатты қоректердіргіш қабат — деп атайды. Жүнді,түбітті көп беретін қой, ешкі тұқымдары терісінде емізікше қабат қалың болып келеді. Демек, емізікше қабат терінің құрылымдық процесіне белсенді қатысады. Емізікще қабат шекарасыз торлы қабатпен жалғасып кетеді.
Торлы қабат (stratum reticulare) бір-бірімен торлана тоқылған коллаген талшықтарының шоғырлары будаларынан жəне олардың арасындағы серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарынан құралган, тыгыз қалыптаспаған дəнекер ұлпасынан тұрады. Бұл қабаттың 98-99% -ы əр түрлі
бағытта орналасып, бір-бірімен ілмектеніп торланып, берік тор түзетін коллаген талшықтарының шоғырлары құрайды. Талшықтар шоғырларының
қалыңдығы, олардың тоқылу түрлері мен пішіні жануарлардың түрлеріне, тұқымына жəне дене аймақтарына байланысты болып келеді.
Дермада терідегі тері туындылары май жəне тер бездері мен түк түбірлері болады.
Теріасты қабаты немесе шел қабаты (tela subcutanea) тері дермасының торлы қабатын жануарлар денесінің беткей шандырымен байланыстырып тұртын терінің төменгі қабаты. Шел қабаты борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Ол терінің қозғалмалылығын қамтамасыз етумен қатар, дене қызуын реттеуге қатысады. Қоңды жануарларда шел қабатында қор ретінде май ұлпасы жиналады. Жануарлардың түрлеріне байланысты шелдегі май қабаты дененің əр түрлі аумақтарында қорланады (өркеш, құйрық т.б.). Бұл қабатпен ірі қан жəне лимфа тамырларының тораптары өтеді. Терінің қан тамырларының өрімдері мен тораптарында организмдегі қанның 10 пайызы қор ретінде сақталады.
Терідегі зат алмасуды қамтамасыз ететін қан жəне лимфа тамырлары əр түрлі тамырлар тораптарын түзеді. Олардың терідегі орналасу орындары да түрліше болады. Арналары кең ірі қан тамырларының торабы беткей шандыр мен терінің теріасты қабаты аралығымен өтеді. Екінші қан тамырлар торабы торлы қабаттың астында орналасады. Бұл тораптың құрамында веналық жалғамаларды (анастомоздарды) байқауға болады. Келесі жұқа қабырғалы қан тамырлар торабы дерманың торлы жəне емізікше қабаттарының шекараларында жатады. Ең жұқа қабырғалы қан капиллярлар торабы эпидермис пен емізікше қабаттың аралығында орналасып, аталған қабаттар арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Осы əр түрлі деңгейде өтетін қан тамырлары өзара бір-бірімен байланысып, терідегі жалпы қан тамырлар торабын түзеді. Терінің бұлай белсеңді тамырлануы, оның атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Тамырлардың осылай
орналасуы жəне олардың ішінде артерия-веналық анастомоздардың көп болуы, жануарлар дене қызуының тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік береді.
Терінің лимфа тамырлары эпидермоцит арасындағы жасушааралық саңылаулардан бастама алады. Бұдан соң, олар үш деңгейде: беткей, ортаңғы жəне терең теріастылық лимфа тамырларының торларын түзеді. Бұл торлардан шығатын əкелгіш лимфа тамырлары арқылы ұлпа сүйығы дененің тиісті аймақтарындағы лимфа түйіндеріне бағытталады.
Теріні жұлын мен мидан таралатын афференттік, эфференттік сомалық жүйкелер жəне олардың құрамындағы тері тамырлары мен бірыңғай салалы ет ұлпасы қызметтерін реттейтін симпатикалық жүйке жүйесінің жүйке талшықтары жүйкелендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет