1 Дәріс Тақырыбы


Бауырдың гистологиялық құрылысы



бет67/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Бауырдың гистологиялық құрылысы. Бауыр сыртынан сірлі қабықпен, оның астындағы дəнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.
Қапшықтан бауырдың ішіне қарай енген дəнекер ұлпалық аралықтар, оның паренхимасын көптеген көпбұрышты бөлікшелерге бөледі. Бауыр бөлікшелері бауырдын құрылымдық жəне қызметтік бірлігі.
Бөлікшелер бауырдың паренхимасын, ал оның стромасын дəнекер ұлпалық қапшық пен бөлікшелераралық борпылдақ дөнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Бауырға бауыр артериясы мен қақпалық вена артерия жəне вена
қанын алып келеді. Бауыр артериясы мен қақпалық вена бауырдың дəнекер ұлпалық аралықтарында кезегімен: бөліктік, сегменттік, бөлікшелераралық артериялар мен веналарға тарамдалады.
Бөлікшелердегі өт капиллярларынан қабырғасы бірқабатты текше тəрізді эпителийден құралған бөлікшелераралық өт өзегі түзіледі.
Бөлікшелераралық артерия, вена жəне өт өзегі бөлікшелердің аралығындағы борпылдақ дəнекер ұлпасында қатар орналасып, "бауыр үштігін" құрайды. Бұлардың ішінде бөлікшелераралық венаның арнасы кең болады. Венаның жұқа қабырғасын эндотелий, негіздік жарғақ, сақинаша орналасқан жекеленген бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері жəне сыртқы адвентиция құрайды. Бөлікшелераралық артерияның арнасы тар, қабырғасы қалың болып келеді. Оның қабырғасы интима, медиа жəне
адвентиция қабықтарынан құралған. Бөлікшелераралық артериялар мен веналар бөлікшелерді айнала шырмап жататын, перделік (септальдық) артериялар мен веналарға тарамдалады. Аталған қан тамырлары бауыр бөлікшелеріне кіріп таралып, бір-бірімен қосылып, бауыр бағандарының аралығымен өтетін қойнауша (синусоидты) капиллярларды түзеді. Қойнауша капиллярлар бөлікше орталығында бір-бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің
орталық венасын құрайды. Орталық веналар бір-бірімен бірігіп,бөлікшеасты веналарын, олар өз кезегінде бір-бірімен қосылып, артқы қуыс венасына ашылатын бауыр венасын түзеді.
Бөлікшелераралық борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтармен бөлінген, пішіні көпбұрышты бауыр бөлікшесі шеттен орталық венаға қарай радиальды (сəулелі) бағытталған бауыр бағандарынан тұрады. Бауыр бағандарын екі қатарда орналасқан бауыр жасушалары — гепатоцитгер құрайды. Жоғарыда баяндалған бауыр қызметтерінің барлығын гепатоциттер атқарады. Гепатоциттің пішіні көпбұрышты. Онын дөңгелек келген бір, екі не одан да көп ядролары цитоплазмасының орталығында орналасады. Қан
белоктарын жасайтын гранулалы эндоплазмалық тор, өт пен гликогенді түзуге қатысатын агранулалы эндоплазмалық тор, аталған процестерді ісжүзіне асыруға қатысатын Гольдж кешені, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар тым жақсы жетілген. Бауыр бағандарьшың аралығымен бөлікшелердің шеткі жағынан орталық венаға қарай тарамдалып жатқан кең арналы қойнауша капиллярлар өтеді. Қойнауша қан капиллярлары
қабырғасында негіздік жарғақ болмайды. Эндотелий сыртынан борпылдақ
дəнекер ұлпасымен қапталған. Эндотелиоциттермен жанасатын гепатоциттердің плазмолеммаларында микробүрлер болады. Гепатоциттер жағындағы эндотелиоциттердің беттерінде де микробүрлер бар. Бір-біріне қарама-қарсы жатқан микробүрлер аралықтарында тек қан плазмасына толған саңылауша кеңістік қалады. Гепатоциттің қан капиллярларына қараған плазмолемма бетін бауыр жасушаларының тамырлы беті — дейді.
Міне, гепатоциттер жəне қойнауша қан капиллярларымен ағып жатқан қан аралығындағы зат алмасу (гепатоциттен қанға — глюкоза, несепнəр (мочевина), белоктар т.б. заттар; қаннан гепатоцитке аталған заттарды синтездеуге керекті заттар өтеді) процесі осы кеңістік арқылы жүреді.
Бауыр бағандарын құрайтын екі қатарда орналасқан гепатоциттер аралығында, бөлікшенің орталығынан шетке қарай бағытталған өт капиллярлары орналасады. Өт капиллярларының өз қабырғасы болмайды.
Олардың қабырғаларының қызметін бір-бірімен қатар орналасып, десмосомалар арқылы тығыз байланысқан гепатоциттер плазмолеммалары құрайды. Плазмолеммалардың өт капиллярлары қуыстарына қараған жағында да микробүрлер болады. Гепатоциттер түзілген өтті плазмолеммалары арқылы от капиллярларының қуысына бөледі. Өт өт
капиллярлармен болікшенің шеткі жағына қарай ағады. Өт капиллярлары болікшенің шеткі жағында бір-бірімен қосылып, болікшелераралық өт өзегін түзеді. Өт өзегінің кдбырғасын бірқабатты текше тəрізді эпителий құрайды.
Болікшелердің ішінде дəнекер ұлпалық аралықтар болмайды. Қан капиллярлары мен гепатоциттер қабырғалары аралықтарында жекеленген жіңішке ретикулин талшыктары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет