1 Дәріс Тақырыбы


Ұйқы безінің гистологиялық құрылысы



бет69/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ұйқы безінің гистологиялық құрылысы
Ұйқы безі құрсақ куысында, он екі елі ішек ілмегі аралығында орналасады. Ол сыртынан дəнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.
Қапшықтан без ішіне тарамдала енетін дəнекер ұлпалық аралықтар без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Болікшелераралық дəнекер ұлпалық аралықтарда қан жəне лимфа тамырлары, жүйке талшықтары, ұйқы безінің бөлікшелераралық шығару өзектері, қапшықталған сезімтал жүйке ұштары орналасады. Ұйқы безінің экзокринді бөлігі кұрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түгікше бездер. Бөлікшелерді пішіні дөңгелек не сопақ келген секрет бөлетін соңғы бөлімдер (альвеолалар, ацинустар) жəне ендірме бөлімдер мен ендірме өзектер кұрайды. Ұйқы безінің альвелоларының қабырғасын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні конус тəрізді безді эпителиоциттер (главдулоциттер) түзеді. Гландулоциттер цитоплазмасының секрет белетін базальды бөлігі көкшіл түске, ал бөлінген бөлінді жиналатын апикальды бөлігі қызыл түске боялады. Олардың дөңгелек келген ядролары цитоплазма орталығында негіздік жарғаққа
жақындау орналасады.
Гландулоцит цитоплазмасының базальды бөлігінде гранулалы эндоплазмалық тор тығыз жатады. Гольдж кешені мен митохондриялар жақсы жетілген. Түзілген сөл ұсақ тамшылар түрінде гландулоциттердің альвеола куысына қараған апикальды бөлігінде жиналып, зимогенді полюс — деп аталады. Қабырғасы бір қабат жалпақ эпителийден құралған ендірме бөлімдер ұйқы безінің секрет бөлетін соңғы бөлімдерінің қуысына еніп тұрады. Ендірме бөлімдерден қабырғасы бірқабатты жалпақ эпителийден құралған ендірме өзектер басталады. Олар бір-бірімен қосылып, қабырғасы бірқабатты призма тəрізді эпителийден тұратын бөлікшелераралық шығару өзектерін кұрайды. Бұл өзектер бір-бірімен бірігіп, ұйқы безінің он
екі елі ішекке ашылатын негізгі шығару өзегін түзеді. Бөлікшелер ішінде
альвеолалардың аралықтарында ақшыл боялған эпителий жасушалары
(инсулоциттер) топтасыпFBң, пішіні мен мөлшері əр түрлі аралшықтар құрайды.
Осы аралшықтар жиынтығы ұйқы безінің эндокринді бөлігін жасайды.
Инсулоциттер — қан капиллярлары қабырғаларымен жанаса орналасқан жасушалар бағандарын түзеді. Аралшықтар қан тамырларымен жоғары деңгейде жабдықталған. Инсулоциттер цитоплазмасында барлық органеллалар жақсы дамыған. Бірақ, экзокринді гландулоциттерге қарағанда гранулалы эндоплазмалық тор нашар жетілген.
Аралшық инсулоциттері А-, В-, Д-, Д-1 жəне РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көбі солғын боялған В –жасушалары аралшықтардың орталығында орналасады. Олардың цитоплазмасында суда ерімейтін, спиртте еритін дəншелері болады. В- инсулоциттер қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны бауыр мен бұлшық еттерде қорланатын гликогенге айналдыратын инсулин гармонын бөледі. Аралшықтың шеткі
жағындағы А-инсулоциттерінің дəншелері, керісінше, суда ериді. Олар гликогенді глюкозаға айналдырып, оның қандағы деңгейін көтеретін глюкагон гармонын түзеді.
Цитоплазмасындағы дəншелерінің күмістену (аргирофилді) қасиеттері болатын, саны тым аз Д-, инсулоциттері организмдегі қанның қысымын төмендетіп жəне ұйқы безі экзокринді бөлігінің сөл қызметін күшейтетін гормон бөледі. РР- жасушаларында ұсақ дəншелер болады. Олардың да саны аз жəне аралшықтардың шеткі жағанда кездеседі. РР- инсулоциттерінің гармондары қырын мен ұйқы безі сөлінің бөлінуіне ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет