1 Дәріс Тақырыбы



бет65/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ерекшеліктері. Жылқыда аш ішектің ұзындығы орта есеппен 19 – 30 м, диаметрі 6 - 7 см -дей болады. Ішек бүйеннің алдыңғы жағында ұзын шажырқайға ілініп тұрады. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысының жоғарғы жəне ортаңғы бөлігін алып жатады.
Сиырда аш ішектің ұзындығы 40 м, диаметрі 5-6 см, ал ұсақ малдарда
— 30 м, диаметрі — 1,5 - 2 см болады. Күйіс қайтаратын жануарларда аш ішек басқа жануарлармен салыстырғанда қысқа шажырқайға ілінген. Ол көптеген ілмектер түзеді. Аш ішек түгелімен құрсақ қуысының оң болігіндеорналасады.
Шошқада аш ішектің ұзындығы 15-20 м болады, ішек ілмектері ұзын шажырқайға ілінген.
Ит аш ішегінің ұзындығы 2-7 м. Ішектің ішкі бетінде қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіншелері көптеп кездеседі.
Мықын ішек (подвздошная кишка) — intestinum ileum — ащы ішектің ең қысқа бөлігі (сиырда 50 см, қойда 20 - 25 см, жылқы мен шошқада 30 см, итте —10-20 см). Ол аш ішектен түзуленіп шығып, жылқыда бүйенге, қалған жануарларда бүйен мен тоқ ішектің шекарасына ашылады. Оның тоқ ішекке ашылар тесігінің қабырғасында, мықын ішек бүртігінің негізін құрайтын қысқыш ет болады.
Ерекшеліктері. Жылқыда мықын ішектің ұзындығы 30 см, құрсақ куысының оң бүйірлік аумағында жатады. Ол бүйеннің кіші иініне тікелей ашылады.
Күйіс қайтаратын жануарларда мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасына, 4 — бел омыртқа тұсында ашылады.
Шошқада мықын ішек тоқ ішектің алдыңғы оң жағының жоғарғы бетіне шолмек тəрізденіп ашылады. Осы тұс бүйен мен тоқ ішек шекарасы болып табылады.
Итте де мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасындағы ішек бүртігіне, 1-2 -нші бел омыртқалар тұсында ашылады.
ҚАБЫРҒАДАН ТЫСЖАТҚАН AC ҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
БАУЫР
Бауыр (печень) — һераг — организмдегі ең ірі ас қорыту безі.
Эмбриондық кезеңде бауыр əмбебаб қан жасау мүшесі. Эмбриогенездің алғашқы кезеңдерінде бауыр он екі елі ішектің төменгі қабырғасындағы эпителий қатпары ретінде қалыптасып, кейінірек алдыңғы жəне артқы бөліктерге бөлінеді. Алдыңғы бөлігінен бауыр, артқы бөлігінен өт қабы мен оның өзегі дамиды. Бауырдың негізгі қызметі азықтың құрамындағы майды қорытуға қатысатын өт бөледі. Ол ішек-қарыннан жиналатын вена қаны ағатын қақпалак венаның бойында орналасып, қандағы өр түрлі зиянды да ұлы азоттық (белоктық) зат алмасу өнімдерін, биогенді аминдерді, дəрі-
дəрмектер қалдыктарын бейтараптандырып, микроорганизмдерді жояды.
Сонымен қатар, бауырда қан алазмасының белоктары (альбуминдер, фибриноген, протромбин), ыдыраған эритроциттегі гемоглобиннен өт пигменттері түзіледі, жануарлар организміне тəн күрделі көмірсу – гликоген қор ретінде сақталады. Қан капиллярлары қабырғасындағы тармақты макрофагтар (Купфер жасушасы) қанға түскен микроорганизмдерді жəне басқа да бөгде заттарды қармап, фагоцитоз арқылы жояды. Бауыр организмдегі белок, май, көмірсу алмасуларына қатысады. Бауырда организмдегі қанның 20% -ы қор ретінде сақталады.
Жануарлардың түрлері мен бауырдың қанға төлу деңгейіне байланысты, оның түсі қызыл-қоңырдан ақшыл-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Бауыр құрсақ қуысында, көкеттің артқы бетінде орналасқан. Оның алдыңғы бетін диафрагмальды бет (facies diaphragmatica), артқы бетін висцеральды бет
(facies viceralis) — деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis) доғал, вентральды жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың оң жəне сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы куыс венаның өтетін орны көрінеді. Вентральды қырлы жиегіндегі бөлікаралық ойықтар (incisura interlobularis) бауырды оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сол бөлікке (lobus hepatis sinister) жəне олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі.
Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе жəне бүғыдан басқа жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі (ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам (іштөлінің бұрынғы кіндік венасы) — ligamentum teres, ал оң бөліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жұмыр байламның жалғасы орақша байлам, одан əрі қысқа көлденең немесе тəждік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет