1 Дәріс Тақырыбы



бет86/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Кіші бронхтардың қабырғаларында тал шықты - шеміршекті қабық болмайды. Олардың қабырғалары кілегейлі қабықтан жəне адвентициядан тұрады. Кілегейлі қабықтың өзі: ішкі эпителий қабатынан, өзіндік тақташадан жəне етті тақташадан құралады. Кіші бронхтардың соңғы тармақтары кілегейлі қабығының эпителий қабатын бірқабатты бірқатарлы кірпікшелі эпителий құрайды. Кіттті бронхтардың соңғы тармақтары мен
бронхиолалар эпителий қабатында призма тəрізді кірпікшелі, құтыша, эндокринді, базальды жасушалардан басқа жиекті, кірпікшесіз жəне секрет
бөлетін (Клар жасушасы) жасушалар кездеседі. Биік жиекті жасушалардың
апикальды ұштарында микробүрлер болады. Олар хеморецепторлардың қызметін атқарады. Призма тəрізді секрет бөлетін жасуша цитоплазмасында секрет белуге арналған органеллалар (агранулалы эндоплазмалык тор,
Гольдж кешені митохондриялар) жақсы жетілген. Олардың бөліндіге толған апикальды ұшы эпителий қабатының ішкі бетінен сəл шығыңқы тұрады.
Клар жасушаларының секреті құрамындағы ферменттер өкпе көпіршіктерінің (альвеолаларының) ішкі бетіндегі жұқа үлдірлі қабат
сурфактантты ыдыратады. Кірпікшесіз жасушалар көбіне бронхиолалар эпителий қабытында кездеседі. Өзіндік тақташа борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Етті тақташаны сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоцитері құрайды.
Адвентиция — борпылдақ дəнекер ұлпасы Орташа диаметрі 0,5 мм соңғы (терминальды) бронхиолалардың қабырғасын бірқабатты текше тəрізді кірпікшелі эпителий мен борпылдақ дəнекер ұлпалық өзіндік тақташа құрайды. Өзіндік тақташада эластин талшықтары мен олардың аралықтарындағы бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері бронхиолалар бойымен ұзынынан орналасады. Сондықтан, бронхиолалар қабырғалары ішке тыныс алған кезде созылып кеңейіп, сыртқа дем шығарғанда өзінің бұрынғы қалпына келеді.
Өкпенің гистологиялық кұрылысы. Жоғарыда баяндалғандай, өкпе кұрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның стромасын эластин талшықтарына бай борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Строма арқылы өкпеге қоректендіретін жəне газ алмасуға қан əкелетін қан тамырлары, лимфа тамырлары мен тыныс алу процесін реттейтін жүйкелер өтеді. Ал оның паренхимасын өкпенің тыныс жолдары мен газ алмасу (респираторлы) бөлімі құрайды. Өкпенің тыныс жолдарына бронхтар тарамының мүшелері жатады. Ал pecпираторлы бөлмді немесе өкпенің газ алмасу бөлімін терминальды бронхиолалардан кезегімен тарамдалатын: альвеолалы бронхиолалар, альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар жəне олардың қабырғаларын түзетін альвеолалар құрайды. Осы аталған өкпенің газ алмасу бөлімінің құрылындары өкпе бөлікшелерін немесе өкпе ацинустарым түзетін альвеолалар тарамын (arbor alveolaris) құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет