Өкпенің құрылымдық жəне ідызметтік бірлігі — өкпе бөлікшесі (ацинусы). Ацинусты қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелерін қоса дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысқан бір альвеолалы бронхиоланың тармақтары (альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар, олардың қабырғаларындағы альвеолалар) құрайды. Өкпенің респираторлы
бөліміндегі газ алмасу процесі қан мен ауаның аралығында жатқан
эндотелиоциттер қабарғалары арқылы, тым жұқа дəнекер ұлпасы мен респираторлы пневмоциттер қабырғалары арқылы, оттегі мен көмірқышқыл газы концентрациясының айырмашылықтарына байланысты жүреді. Оттегі ауадан қанға, көмірқышқыл газы қаннан ауаға өтеді. Сөйтіп, газ алмасу процесінің нəтижесінде вена қаны артерия қанына айналады.
Тыныс алу аппараты мүшелері бойынша бақылау сұрақтары: І.Тыныс алу аппараты қандай бөлімдерден тұрады?
2.Мұрын куысы қандай бөліктерге бөлінеді? Мұрын куысы қабырғасының
құрылысына тоқталыңыз.
З.Мұрын куысындағы мұрын жолдарының орналасу орындары мен қызметі.
4.Көмекей мен кеңірдектің кұрылысы.
5.Өкпе қандай бөлімдерден құралған?
б.Бронхтар тарамының құрылысы.
7.Альвеолалар тарамының құрылысы, газ алмасу процесінің морфологиясы.
8.Жануарлардың түрлеріне байланысты өкпе құрылысындағы ерекшелікте
Дәріс №7 Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі.
1 Бүйректердің морфологиялық сипаттамасы.
2 Бүйректің түрлік ерекшеліктері.
1. Зәр шығару мүшелерінің дамуы асқорыту мүшелері, қан айналымы және көбею мүшелерімен тығыз байланысты. Бірақ бұл мүшелермен ешқандай функциональдық жағынан ортақтығы жоқ.
Филогенездік даму кезінде зәр шығару мүшелері біртіндеп 3 кезеңнен өтті. Осы даму кезінде зәр шығару мүшелері зәр шығарушы түтіктер болып пайда болады.
Қызметіне қарай зәр бөлу мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі зәр бөлу мүшелері және несеп шығару жолдары.
Зәр бөлу мүшелері: екі бөлімнен: зәр бөлу мүшесінен және және зәр шығару жолдарынан тұрады. Зәр бөлу мүшесіне бүйрек (паренхималы мүше), ал несеп өткізу мүшелеріне несепағар, қуық және несепшығар өзек (түтікше мүшелер) жатады.
Зәр бөлу мүшелерінің дамуы. Зәр бөлу мүшелері өздерінің филогенезінде даму процесінің көптеген сатыларынан өтеді.
Төменгі сатыдағы жәндіктер (қарапайымдылар, ішекқуыстылар) зат алмасу процесі нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдерін организмнің сыртқы ортаға денесінің қабықшасы арқылы диффузиялық жолмен шығарады.
Жалпақ құрттардың көпжасушалы күрделенген организмінде зәр бөлу мүшелер жүйесі шығару өзекшелер жүйесі түрінде қалыптасады. Зәр бөлу өзекшелері протонефридийлер дене паренхимасында тарамдалып, тұйықтаушы жасушалардың көмегімен, ыдырау өнімдерінен несеп түзеді және оны сыртқа шығарады. Жәндіктерде протонефоидийлер эктодермадан дамып жетіледі.
Жалпақ құрттардың көпжасушалы күрделенген организмінде зәр бөлу мүшелер жүйесі шығару өзекшелер жүйесі түрінде қалыптасады.
Зәр бөлу өзекшелері протонефридийлер дене паренхимасында тарамдалып, тұйықтаушы жасушалардың көмегімен, ыдырау өнімдерінен несеп түзеді және оны сыртқа шығарады. Жәндіктерде протонефридийлер эктодермадан дамып жетіледі.
Омыртқалы жануарларда нефридийлер құрылым бірлігі ретінде зәр шығару мүшесі бүйректі құрайды. Бүйрек филогенезінде зәр бөлу қызметі дененің алдыңғы жағындағы нефридийлерден, оның артқы жағында дамыған несеп өзекшелеріне ауысады. Соңғы өзекшелер бірігіп, құрылысы қомақты бүйректі түзе бастайды. Бүйректен шығатын несепағар ішектің соңғы бөлімі клоакаға ашылады.
Омыртқалы жануарларда бүйрек бірін-бірі алмастырып отыратын үш сатыдан өтеді. Олар: бастапқы бүйрек – пронефрос, аралық бүйрек – мезанефрос, тұрақты бүйрек – метанефрос. Зәр шығару ағзаларының дамуы көбею ағзаларының дамуымен қатар жүреді. Пронефрос маңында ұрғашы жануарлардың көбею ағзалары дамып, кейінірек пронефрос несепағары аналық кюбею ағзаларының жыныстық жолдарына айналады. Ал, мезанефрос несепағарынан аталық көбею ағзаларының жыныс жолдары дамиды.
Нефридийлердің күрделеніп, қан капиллярларымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде әр түрлі бүйрек сатыларына сәйкес бүйрек өзекшелері - нефрондар дамиды. Біріншіден, қан капиллярлары шумақшасы нефронның басталар ұшындағы ыдыс тәрізді екі қабат қабығымен (капсуласымен) қапталып, бүйрек денешігін құрайды. Бұл денешіктерде қан сұйығынан сүзілу процесі арқылы алғашқы зәр түзіледі. Ал, қабырғасы эпителий ұлпасынан тұратын бүйрек өзекшелері алғашқы зәрден организмге қажетті заттар мен суды кері сорып, керексіз ыдырау өнімдерін зәрге қосымша бөліп тұрады. Яғни, нефрон қабырғасы экскреторлық қызмет атқарады. Осының нәтижесінде нефронның соңғы бөліктерінде нағыз зәр түзіледі.