1 Дәріс Тақырыбы


Альвеолалы бронхиолалардың



бет87/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Альвеолалы бронхиолалардың құрылысы терминальды бронхиолалар қабырғаларының құрылысына ұқсас. Тек, олардың қабырғаларында тым жұқа қабырғалы жекеленген көпіршік тəрізді альвеол олар пайда болады.
Альвеолалы жолдар мен қапшықтардың қабырғалары толығымен альвеолалардан құралған.
Альвеолалардың қабырғасы арқылы ауа мен қанның арасында газ алмасу процесі жүреді. Альвеол алардың қабырғасын негіздік жарғақта орналасқан тым жұқа бірқабатты жалпақ тыныс алу (респираторлы) эпителийі астарлайды. Альвеолалар қуысының альвеолалы қапшықтар қуысымен қатысатын тесіктерінің қабырғасында жекеленген бірыңғай салалы ет миоциттері болады. Жұқа альвеолалараралық дəнекер ұлпалық
аралықтарарқылы таралатын қан капиллярлары, альвеолалардың сыртқы бетін шырмай қоршап жатады. Көрші екі альвеол алардың аралығында аздаған коллаген жəне эластин талшықтары, жекеленген жасушалар, макрофагтар, қан капилляры болады. Қан капиллярының қабырғасын орташа қалындығы 0,15 мкм эндотелий жасушалары түзеді. Альвеолалар қабырғасындағы респираторлы эпителий екі түрлі альвеолоциттен (пневмоциттерден): респираторлы жəне үлкен альвеолоциттерден құралған.
Респираторлы пневмоциттер негізінен альвеоланың ішкі бетін астарлайтын альвеолоциттер. Олар бір қабатта негіздік жарғақга орналасады. Респираторлы пневмоциттердің орташа қалыңдығы 0,2 -0,3 мкм. Ядролары орналасқан тұста 5-6 мкм -ге дейін биіктейді. Цитоплазмасында барлық органеллалар жеткілікті деңгейде жетілген. Пневмоциттердің альвеола қуысына қараған беті белоктардан, фосфолипидтер мен гликопротеидтерден тұратын жұқа үлдір тəріздес сурфактант қабатымен қапталған. Сурфактант альвеолалардың ішкі беттерінің бір-біріне жабысып қалмауын қамтамасыз
етумен қатар, ауаның құрамындағы микроорганизмдердің өкпе ұлпаларына енуіне жол бермей, қорғаныс қызметін де атқарады.
Үлкен пневмоциттер респираторлы пневмоциттердің аралықтарында жекеленіп, кейде топтасып орналасады. Ірі ядролы үлкен пневмоциттердің апикальды ұшында қысқа микробүрлер болады. Цитоплазмасында органеллалардан басқа фосфолипидтерден түзілген тығыз денешіктер (цитосомалар) кездеседі. Үлкен пневмоциттер альвеоланың ішкі бетін қаптап тұратын сурфактантты бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет